Премьер-Министр Атырау облысында мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуымен таныстыМемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Президенттің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік», «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдаулары мен «Бес әлеуметтік бастамасының», сондай-ақ мемлекеттік және салалық бағдарламалардың жүзеге асырылу барысымен танысу үшін Атырау облысына келді. Мұнайлы өлкеге жасаған Премьердің сапары туралы Strategy2050.kz АА дайындаған шолудан оқи аласыздар.
Атырау облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді (ФОТО)Атырау қаласы Жұмыскер ауылдық округінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тұрғындардың, қала және ауылдың мәдениет қайраткерлерінің, сонымен қатар НКОК компаниясы басшыларының қатысуымен жаңа мәдениет үйінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.