Вице-премьер Қорғастың цифрландыру үрдісімен таныстыҚорғастың цифрлануы көліктік логистиканың ғаламдық желісіне ықпалдасуын қамтамасыз етеді, деп мәлімдеді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев Алматы облысына жұмыс сапары барысында. Ол Алтынкөл теміржол бекетіне, «Қорғас - Шығыс қақпасы» АЭА, «Жаркент» кеден бекетіне, «Қорғас» ШЫХО »АҚ-ға барды.
Талдықорғанда «Рухани жаңғыру» орталығы ашылды
Талдықорған қаласында «Рухани жаңғыру» орталығы ашылды. Бұл аталмыш бағдарлама үшін арнайы ашылып отырған республикадағы тұңғыш орталық. Оның ашылу салтанатына облыс әкімі Амандық Баталов, ардагерлер, Ассамблея мүшелері, қала жұртшылығы қатысты.
Алматы облысында қоғамдық кеңес кабинеттері ашылады
Алматы облысында әрбір елді мекенде «Қоғамдық келісім кабинеттерін» ашу ұсынылды. Бұл туралы бүгін Талдықорған қаласындағы «Салтанат сарайында» «Бірлік және келісім – рухани жаңғырудың негізі» тақырыбында өткен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті XXIII сессиясында айтылды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.