Әр өңірде кәсіпкер әйелдерге тегін шеберлік сабағы өткізіле бастадыҚазақстан республикасының әр өңірінде әйел кәсіпкерлерге арналған тегін шеберлік сабақтары өтіп жатыр. Шеберлік сабақтарын өткізу ең алғаш 23-24 мамыр күндері Түркістан облысында, 13-14 маусымда Жамбыл облысында, 27-28 маусым күндері Алматы облысында, 1-7 шілде күндері Шығыс Қазақстан облысында, 4-5 шілде күндері Маңғыстау облысында өтті. Ендігі кезек Ақмола облысында. Аталмыш облыста кәсіпкер әйелдерге тегін семинар тренинг шілденің 11-12 күндері өтеді. Осы ретпен тегін шеберлік сабақтары басқа да облыстарда жалғасып, 1 қарашаға дейін Қазақстанды толық қамтиды.
ҚР Премьер-Министрі Түркістан облысының әкімін таныстырдыҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев пен Президент Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков жаңадан құрылған Түркістан облыстық мәслихатының сессиясына қатысты, деп хабарлады primeminister.kz.
Депутаттар өңірлердегі салалардың ахуалымен танысты Мәжіліс депутаттарының өңірлердегі сапары жалғасып жатыр. Халық қалаулылары аймақтарда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 5 әлеуметтік бастамасын түсіндіріп, жергілікті тұрғындармен, шаруалармен кездесу өткізді. Сапардың қалай жүзеге асып жатқаны туралы Strategy2050.kz АА дайындаған шолуын ұсынамыз.
Мәжіліс аймақтарға шықты: Елбасының 5 әлеуметтік бастамасының тетіктерін түсіндіру (ШОЛУ)Мәжіліс депутаттары аймақтарды аралауға шықты. Бірқатар өңірге ат басын тіреген халық қалаулылары Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 5 әлеуметтік бастамасын жүзеге асырудың тетіктерін түсіндіріп, жергілікті халықпен кездесулер өткізуде. Назарларыңызға мәжілісмендердің сапары бойынша дайындалған Strategy2050.kz АА-ның шолуын ұсынамыз.