Баланы қорғау

Дүниежүзілік балалар күніне арналған республикалық кампания Жамбыл облысында өтуде

Жамбыл облысында «Дүниежүзілік балалар» күні. Осыған орай, 1-19 қараша аралығында «Зорлық – зомбылықсыз және қатыгездіксіз балалық шақ» атты республикалық ақпараттық акция өтуде, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жамбыл07 Қараша , 11:15

«Акцияның мақсаты – балаларға қатысты жасалатын зорлық – зомбылық пен қатыгездіктің салдарын анықтау және осы бағытта қоғамның ақпараттануын арттыру болып табылады», - деп хабарламада нақтыланған.

 Акция аясында көптеген іс-шаралар ұйымдастырылмақшы. Соның ең негізгілері – түрлі тақырыптарда ең таңдаулы эссе байқаулары, семинар – тренингтер, рейдтік іс-шаралар жүргізіліп, қайырымдылық көрсетілімдер көрсетіледі. 

Сондай-ақ мектеп қабырғаларында сынып сағаттары,  құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесулер болады. Бала құқығы – бүгінгі күннің өзекті проблемаларының біріне айналып отыр. Отбасында, білім ордасында, қоғамдық ортада орын алатын келеңсіз жағдайлар бала психикасына едәуір әсер береді, ол – шындық.

 




Яндекс.Метрика