Жұмыспен қамту және еңбек саясатын жаңғырту

ҚР Жұмыспен қамту бағдарламаларының құралдары әлемдік тәжірибеге сай келеді – ЕХӘҚМ

Бүгін, 19 желтоқсанда ҚР Үкіметінің отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т.Дүйсенова әлемдік тәжірибеде жұмыспен қамту бойынша қолданылып жатқан құралдар біздің елімізде де «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдараламасында пайдаланылып жатқанын айтты.
Казахстан19 Желтоксан , 11:32

Министрлік тарапынан қосымша түрде еңбек нарығындағы саясаттың әлемдік тәжірибесі зерттелді, әсіресе соңғы қаржы-экономикалық жағдайлар кезіндегі ахуал қарастырылды.

«Әлемдік трендтерге жасалған сараптама Қазақстанның жұмыспен қамту саясатының әлемдік тәжірибемен сай келетінін көрсетеді. Дамыған елдерде жұмыс іздестіру, төлемді субсидиялау, оқыту және біліктілік арттыру, қоғамдық жұмысқа бағыттау шаралары Қазақстанда да кеңінен қолданыста екені анық», – деді министр.

Дүйсенованың айтуынша, жұмыспен қамту саясатын жетілдіру үшін бағдарламаға Үкімет тарапынан қаралған өзгерістер енгізілген.

Атап айтар болсақ, бағдарламаға қатысушылардың бейімділігіне қарай бағыттап, үкіметтік емес ұйымдар мен жеке секторларға да жұмысқа тұрғызу қарастырылған. Соның ішіне қайта оқыту мен біліктілік арттыру да кіреді.

Сонымен қатар, еңбек нарығының жалпыхалықтық базасын дамыту мен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту шаралары қолға алынған.

 

 

 




Яндекс.Метрика