Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері

Жұмыскерлер кәсіподағы, кәсіпкерлер қауымдастығы мен ИЖТМ тау-металлургия өнеркәсібі қызметкерлерін қорғау туралы келісімге келді

Астанада тау-металлургия өнеркәсібі жұмыскерлерінің кәсіподағы, кен өндірісі және тау-металлургия кәсіпкерлігінің республикалық қауымдастығы және ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі 2014-2016 жылдарға арналған Салалық келісімге қол қойды, деп хабарлайды кен өндірісі және тау-металлургия кәсіпкерлігінің республикалық қауымдастығының баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан05 Желтоксан , 11:09

«Келісімге қол қою кен өндірісі және тау-металлургия кәсіпкерлігінің республикалық қауымдастығы мен тау-металлургия өнеркәсібі жұмыскерлерінің кәсіподағына қарасты жұмыс берушілер мен кәсіпкерліктер кәсіподағы жұмысының жалғасы болып табылады. Келісімшартта жұмыс берушілердің жұмысшыға қатысты минималды стандарттарына қатысты жерлер бар», - делінген хабарламада.

Келісімшартта еңбек жалақысы мен өтемақының салалық кепілдемесі бекітіліп, ҚР Еңбек заңнамасы мен халықаралық еңбек құқына сай кепілдендіру механизмі анықталған. Сонымен қатар, жұмыс орнының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша минималды норма бекітілген.

Хабарламада айтылғандай, құжатта еңбек төлемі, демалыс уақыттары, жұмыспен қамту, еңбек қауіпсіздігі, әлеуметтік кепілдіктер, жастармен жұмыс жасау мәселелері қарастырылған.

ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі А.Раудың айтуынша, аталмыш келісімшарт жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің қатынасын кәсіподақтар арқылы реттеуге мүмкіндік береді. Еңбек өнімділігін арттыру мен еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары енгізілген.

Бұдан бөлек бұл құжат аталмыш саладағы жұмыскерлер мен жұмыс берушінің қатынастарын реттеудің негізгі құжаты болып табылады.




Яндекс.Метрика