маңғыстау облысы

  • Маңғыстау облысы білім беру жүйесіне бірқатар өзгеріс енеді 23 Тамыз 10:30 Маңғыстау облысы әкімдігінің мәліметінше аталған өңір республиканың басқа өңірлерімен салыстырғанда туу көрсеткіші жағынан алдыңғы орындардың бірін иеленеді. Маңғыстауға көшіп келушілер саны да күн санап артып келеді. Сол себепті өңір үшін мектеп құрылысының мәселесі бірінші кезекте. Жоспар бойынша алдағы алдағы бес жыл ішінде бала саны 138 мыңнан 212 мыңға дейін артатындықтан, аудан, қала әкімдіктерімен жобалық қуаты 16400 орынды құрайтын 21 мектептің жобалық-сметалық құжаттары жасақталып жатыр.
  • Маңғыстау облысының инвестициялық, экономикалық әлеуеті қандай 12 Тамыз 19:13 Маңғыстау облысында «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша жыл басынан бері құны 1,1 миллиард теңге болатын 39 жоба мақұлданып үлгерді. Сондай-ақ, кәсіпкерлікке қолдау көрсету мақсатында 2 миллиард теңгеден астам қаржының шағын несиесі бөлінген. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 12%-ға көп. Осы жылдың алты айы ішінде облыста ауыл кәсіпкерлері – 1 529 милион теңге, ал, қала кәсіпкерлері – 699 миллион теңге несие алған. Маңғыста облысында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының нәтижесі де жаман емес. Жыл басынан бері 17 140 жұмыс орны құрылып, жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,7%-ке дейін түскен.



Яндекс.Метрика