БЖЗҚ

  • БЖЗҚ қосымша салымының кейінге шегерілгені – дұрыс шешім 02 Қыркүйек 17:44 Президенттің Жолдауындағы ең өзекті және тиімді шаралардың бірі – 2020 жылдың қаңтарында енгізілуі тиісті жұмыс берушілер тарапынан төленетін 5 пайыздық қосымша зейнетақы салымдарының 2023 жылға қалдырылуы. Бұл пікірді экономист, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Рахым Ошақбаев Strategy2050.kz АА берген сұхбатында айтты.
  • Қазақстандағы зейнетақы жүйесі қалай өзгереді? 19 Тамыз 14:30 2019 жылдың тамызына дейінгі көрсеткіш бойынша зейнетақы жарналарының барлық түрі бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 10,17 триллион теңгені құрапты. Сөйтіп оның өсімі 8 пайызға артқан. Сондай-ақ, биылдан бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшарының салымы 8 миллион теңгеден асқан жағдайда жеке басқарушыларға кетуге рұқсат етіледі. Зейнетақы төлемдерін тағайындау барысындағы «Бір терезе» қағидаты, жинақтарын қандай да бір себеппен ала аламаған азаматтар үшін салымдарын алу жолдары туралы төмендегі материалда.
  • Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасы қалай іске аспақ 05 Тамыз 13:18 Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бастап, жұмыс берушінің қаражаты есебінен жұмыскер табысының 5% мөлшерінде жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары енгізілмек. Осы уақытқа дейін елімізде жұмыскердің өзінің жалақысынан 10% жарна зейнетақы қорына аударылып келген болатын. Енді бұдан былай бұған 5 пайыз жұмыс беруші өз есебінен зейнетақы жарнасын аудару өзгерісі қосылады. Қаңтардан бастап жұмыс беруші үшін не өзгеріп, бұл өзгеріс қазақстандықтардың зейнетақы көлеміне қалай әсер ететіні туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Ақмәди Сарбасов Strategy 2050.kz ақпарат агенттігіне мәлімет берді.



Яндекс.Метрика