жұмыспен қамту

  • Қазақстандықтар қай салада көбірек тер төгіп жүр 21 Тамыз 19:18 ҚР Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің мәліметінше қазақстандықтардың 16,1%-ы сауда саласында жұмыс істейді. Ал, ауыл шаруашылығында – 1 млн 221 мың адам, білім беру жүйесінде – 1 млн 102 мың және өндірісте – 1 млн 100 мың адам қызмет қылады.
  • Жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы қандай нәтиже берді 29 Шілде 16:20 Еліміздегі «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының 2019 жылғы 1 шілдедегі нәтижесі бойынша 22 мың қазақстандық оқытуға жіберіліп, оның 3000 оқуын бітіріп, жұмысқа орналасқан. Осы жылдың 1 қырүйегінен бастап техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтарын 23 мың жас азамат тегін оқитын болады. Аталмыш бағдарлама Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы мен еліміздің 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына сәйкес негізделгенін естеріңізге сала кетейік. Қазақстандықтарды жұмыспен қамту мен жаппай кәіпкерлікті дамытудың өзге де жаңалықтары туралы төмендегі материалда.



Яндекс.Метрика