инвестиция

  • Қазақстандағы инвестициялық ахуал қандай 05 Қыркүйек 16:47 Тәуелсіздік алған жылдардан бері Қазақстанға тартылған инвестициялардың басым бөлігі, яғни 50 пайыздан астамы Еуроодақ елдеріне тиесілі. Атап айтар болсақ: Швейцария – 25,8 миллиард, Франция – 16,1 миллиард, Италия – 8,7 миллиард, Нидерланды – 90,4 миллиард, Бельгия – 7,6 миллиард, Германия – 5,2 миллиард. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек Қазақстанның инвестициялық саясаттың жүзеге асырылу барысы және соңғы кездері әлеуметтік желіде түсінісбеушіліктен туған ҚХР мен Қазақстан арасындағы экономикалық байланыстары туралы ақпараттарға түсініктеме берді.
  • Араб елдері Қазақстанға инвестиция салуға мүдделі 26 Тамыз 10:47 Қазақстан мен Сауд Арабиясы екіжақты саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтып, Сауд елі қазақ елінің ауыл шаруашылығына инвестиция құюға қызығушылық танытты. Күні кеше Сауд Арабиясының Рияд қаласында жүрген Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Берік Арын Саудтағы ауыл және мал шаруашылығы саласындағы инвестициялық компанияның басшысы Мэттью Дженсенмен кездесіп, Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы ауыл шаруашылығындағы ынтымақтастық орнату, елге сауда инвестицияларын тарту мәселесін талқылады. Ал Біріккен Араб Әмірліктері мен Қазақстан ғарыш және экономиканың бірқатар салалары бойынша ынтымақтастықты дамытпақ.
  • Маңғыстау облысының инвестициялық, экономикалық әлеуеті қандай 12 Тамыз 19:13 Маңғыстау облысында «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша жыл басынан бері құны 1,1 миллиард теңге болатын 39 жоба мақұлданып үлгерді. Сондай-ақ, кәсіпкерлікке қолдау көрсету мақсатында 2 миллиард теңгеден астам қаржының шағын несиесі бөлінген. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 12%-ға көп. Осы жылдың алты айы ішінде облыста ауыл кәсіпкерлері – 1 529 милион теңге, ал, қала кәсіпкерлері – 699 миллион теңге несие алған. Маңғыста облысында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының нәтижесі де жаман емес. Жыл басынан бері 17 140 жұмыс орны құрылып, жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,7%-ке дейін түскен.
  • Визасыз режим Қазақстанды инвестициялық тартымды елге айналдыра ма 22 Шілде 19:27 Қазақстан Республикасында инвестициялық тартымдылық пен қолайлы бизнес-ахуал қалыптастыру үшін ҚР Ішкі істер министрлігі визалы-миграциялық режимді либерализациялау бойынша бірқатар шаралар қабылдап жатыр.
  • Қазақ-тәжік экономикалық ынтымақтастығының болашағы зор болмақ 12 Шілде 13:25 Душанбеде Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен кездесу өткізіп, кездесуде екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды. Кездсу барысында жалпы сомасы $80 млн-нан асатын, қазақ-тәжік ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған 11 құжатқа қол қойылды.
  • Өткен жылы шетел инвесторлары 6 мыңға жуық тұрақты жұмыс орнын ашты 21 Маусым 16:22 Өңірлерді дамыту, азаматтардың әл-ауқатын арттыру сияқты ел президентінің алға қойған мақсаттарына сәйкес шетелдік инвесторларды тартуда әрі олармен қарым-қатынас орнатуда ҚР Сыртқы істер министрлігінің және аталған министрлікке қарасты «Kazakh Invest» ұлттық компаниясының рөлі зор. Осы орайда Қазақстанда шетел инвестицияларын тартудың жаңа жүйесі құрылды және үнемі жетілдірілуде. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитетінің төрағасы Бақыт Батыршаев баспасөз конференцияда осы және басқа да инвестициялық ынталандыру шаралары туралы айтып берді.



Яндекс.Метрика