нұр-сұлтан

  • Нұр-Сұлтанның 21 көрнекі орыны 05 Шілде 19:33 ҚР Жоғарғы кеңесі ел астанасын ауыстыру туралы шешімді осыдан 22 жыл бұрын 6 шілде күні қабылдаған болатын. Содан бері әр жыл сайын 6 шілде күні елордалықтар қала күнін атап өтеді. Биыл Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтан қаласына ауысқанына 21 жыл. Осы орайда, Strategy2050 мегаполистің ең таңдаулы 21 көрнекі орындары туралы ақпарат беріп отыр.
  • Бүкіл Қазақстанды бойына сыйдырған бас қала 27 Маусым 12:42 Биыл Қазақстанның Бас қаласына 21 жыл толады. Ширек ғасырға жуық кезеңде үлкен даму сатысынан өткен Елорда – еліміздің әкімшілік қана емес, қаржылық, мәдени және инновациялық орталығы. Астана алаңы аймақтық және халықаралық күрделі шиеленістердің, қаржылық дағдарыс пен экономикалық санкцияның шешу жолын іздестіретін, дәстүрлі діндер мен конфессиялардың, әлемдік ақыл орталықтарының, бизнес пен инновацияның диалог платформасы деңгейіне жетті. Халықаралық аренада Қазақстанның бас қаласы «Еуразияның жүрегіне», мемлекеттің брендіне айналғаны даусыз. Ал Елорданы көркейту қаншалықты маңызды болса, жыл санап артқан тұрғындардың тұрмыс-тіршілігі мен отбасылардың әл-ауқаты соншалықты өзекті болып келеді.
  • Нұр-Сұлтаннан Стамбұлға 1 шілдеден бастап күнде әуе рейсі қатынайды 19 Маусым 14:28 1 шілдеден бастап Нұр-Сұлтан-Стамбұл бағытындағы әуе қатынасы 7 ретке дейін жиілейді. Бұл көрсеткішке қол жеткізу Стамбұлда 2018 жылдың 29 қазанында Стамбұл әуежайының ресми ашылуы себеп болып отыр. Қазақстандық туристердің Түркияға ұшып-қонуына қандай қолайлы жағдайлар жасалатыны туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Нұр-Сұлтан қаласының жаңа әкімі қызметін қалай бастады? 17 Маусым 17:30 13 маусым күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтан қаласының әкімі болып тағайындалды. А.Көлгінов өзінің жаңа қызметіне білек сыбана кірісіп кеткенге ұқсайды. Жаңа әкім шаһардың бірқатар аудандарын аралап, қаланың инженерлік инфрақұрылымымен танысты. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.



Яндекс.Метрика