жастар жылы

  • Жастар арасындағы инновациялық байқау қандай мүмкіндік береді 06 Тамыз 17:58 Елбасы бекіткен «Жастар жылы» аясында қазақстандық жастардың әлеуметтік әлеуетін арттырып, қоғамдағы азаматтық белсенділігін жоғарылатуға байланысты бірнеше бағыттағы іс-шаралар атқарылып келеді. «Болашақ» қауымдастығы ұйымдастыратын Нетворкинг және жастар ұйымдарының тәжірибе алмасуы жобасы және «Jastar Otanga» инновациялық идеялар байқауына кімдер қатысып, қалай үлес қоса алатыны туралы толық ақпаратты төмендегі материалдан оқи аласыз.
  • "Жас кәсіпкер": Жұмыссыз жастарға арналған жобаға қалай қатысамын 06 Тамыз 11:32 Елбасы қабылдаған еліміздің 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына сәйкес және Жастар жылына орай «Жас кәсіпкер» жобасы іске қосылған болатын. Жобаның үйлестірушісі «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы. Жұмыссыз, тұрақты табыссыз жүрген 18-29 жас аралығындағы жігіттер мен қыздарға арналған «Жас кәсіпкер» жобасы – қатысушыларды кәсіпкерліктің қыр-сырына қандырып, өз нишасын тауып, бизнес бастауға көмек көрсетеді. Сондай-ақ, жаңадан іс бастағыс келгеен талапкер қатысушыларға 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (505 мың теңге) бастапқы капитал ретінде грант беріледі.
  • Жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы қандай нәтиже берді 29 Шілде 16:20 Еліміздегі «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының 2019 жылғы 1 шілдедегі нәтижесі бойынша 22 мың қазақстандық оқытуға жіберіліп, оның 3000 оқуын бітіріп, жұмысқа орналасқан. Осы жылдың 1 қырүйегінен бастап техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтарын 23 мың жас азамат тегін оқитын болады. Аталмыш бағдарлама Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы мен еліміздің 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына сәйкес негізделгенін естеріңізге сала кетейік. Қазақстандықтарды жұмыспен қамту мен жаппай кәіпкерлікті дамытудың өзге де жаңалықтары туралы төмендегі материалда.
  • Президенттің жұмыссыздықпен күрес тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр 24 Шілде 17:15 Қазақстанда Жастар жылының жол картасы бойынша бүкіл елді қамтыған «Жас кәсіпкер» жобасы жастар кәсіпкерлігін дамыту бойынша шаралар кешені бекітілген еді. Аталмыш бағдарламаны іске асыру үшін Үкімет жыл басында 2019-2020 жылдар аралығында 32 миллиард теңге бөлуді жоспарлаған. Осы орайда Қазақстан бойынша 10 мыңнан астам жастар «Жас кәсіпкер» жобасының бірінші легіне қатысуға тестілеуден өтуді бастап кетті. Жұмыспен қамтудың осы және өзге де шаралары туралы төмендегі материалда.
  • Жас мамандарға жалдамалы пәтер беріледі – Жастар жылы аясындағы Жол картасы 04 Шілде 15:31 Жастар жылын өткізу жөніндегі Жол картасы аясында биыл бірнеше жобалар қолға алынып отыр. Солардың бірі – 1 қыркүйектен бастап Қазақстанда жас мамандарға арналған жалдамалы тұрғын үйдің берілуі. Жалға берілетін пәтерлерді алудың шарттары, төлем әдісі, сондай-ақ басқа да көптеген мәселелер туралы толық мәліметті Strategy2050.kz ақпараттық агенттігінің материалынан біліңіз.
  • Рухани жаңғыру және жастар жылы 20 Маусым 14:45 Биыл «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламалық мақаласының шыққанына 2 жыл толды. Ол 2017 жылы 12 сәуірде отандық басылымдарда жарияланып, қоғамда резонанс тудырған еді. Жоғарғы мінберден бастап, оқу орындарына дейін рухани жаңғырудың қазіргі жай-күйі мен алдағы бағыт-бағдары талқыланды. Жалпы, еліміздегі рухани жаңғыру – үздіксіз процесс болғандықтан, оған Тәуелсіздік жарияланған соң қолға алған барлық рухани-мәдени шаралар енеді. Алғашқы жылдардағы «Мәдени мұра» бағдарламасы, «Тарих толқынындағы халық», ҚР Президентінің Ұлытаудағы сұхбаты, кейінгі «Ұлы Даланың жеті қыры» осы үрдістің үзілмес бөліктері. Аталған іс-шаралар мен бағдарламалар көнеден келе жатқан рухани-мәдени қазынаны қайта қаузап, тарихи танымды кеңейтуді ғана емес, бүгінгі қоғамдық сананың трансформациясын көздейтін маңызды құжаттар. Ал, Қ.Тоқаевтың «Барымыз да, бағымыз да – Тәуелсіздік» атты сұхбаты осылардың заңды жалғасы деуге болады.
  • Тұрақты даму: Орталық Азияның инновациялық бастамалары 04 Сәуір 16:05 Тұрақты даму және инновациялар бойынша Орталық Азия ғылыми форумында Қазақстан мен Орталық Азияның тұрақты дамуына ықпал ететін жобалар мен бастамалар талқыланды. Форум ҚР Білім және ғылым министрлігінің, жас ғалымдардың, Ұлыбританиядағы қазақстандық докторанттар қауымдастығының, Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшілігінің ұйымдастыруымен өтті. Оның мақсаты - идеялар мен жобаларды ілгерілету үшін жас ғалымдарды біріктіру, әлеуетті инвесторлармен және серіктестермен байланыстарды орнату.



Яндекс.Метрика