Парламент

  • Н.Нығматулин Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды 26 Тамыз 9:13 ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасы Нұрлан Нығматулин ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
  • Шешілмейтін мәселелер жоқ – Сенаторлар өңірлерді аралады 16 Шілде 10:48 Сенат депутаттары еліміздің аймақтарына сапар аясында жергілікті тұрғындармен және мемлекеттік органдардың өкілдерімен кездесулер өткізді. Өңірлердегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың мән-жайымен танысқан халық қалаулылары бірқатар бастамаларға себепші болды. Сенат депутаттарының аймақтарға жасаған сапары туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Парламент сессиясы жұмысын 5 шілдеге дейін ұзартты 28 Маусым 10:35 Парламент палаталарының бірлескен отырысында VI сайланған Парламенттің IV сессиясы өз жұмысын 5 шілдеге дейін ұзартатыны мәлім болды. Жиынға Сенаттың 46, Мәжілістің 104 депутаты қатысты.
  • Бір топ депутат халықпен кездесу үшін Арыс қаласына кетті – Н.Нығматулин 26 Маусым 15:19 Парламент Мәжілісінің Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен жалпы отырыс өтті. Алдымен Мәжіліс Төрағасы барлық депутаттық корпустың атынан Арыста қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, төтенше жағдай кезінде зардап шеккендердің тезірек сауығып кетулеріне тілектестік білдірді. Әрі қарай күн тәртібіндегі бірқатар заң жобалары мақұлданып, депутаттық сауалдар тыңдалды. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Қ. Мәми: Азаматтардың ең басты міндеті - Конституцияның нормаларын құрметтеу 20 Маусым 11:14 ҚР Конституциялық Кеңесінің жыл сайынғы жолдауы жарияланды. ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында «Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы» Конституция кеңесінің жолдауы, ҰР Үкіметінің бюджет туралы есебі тыңдалып, депутаттардың бірқатар сұрақтарына жауап берілді. Бірлескен отырысқа Сенаттың 45, Мәжілістің 102 депутаты қатысты. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Сенаттың жаңа сессиясының жұмысы айқындалды 06 Қыркүйек 15:43 Алтыншы шақырылымдағы төртінші сессияның ашылуында Елбасы белгілеген міндеттерді табысты іске асыру үшін депутаттар корпусы Үкіметпен бірлесе жұмыс жүргізетін болады. Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа сессиядағы Сенаттың алғашқы отырысында осылай деп атап өтті. Президент Н.Назарбаев жариялаған бес әлеуметтік бастаманы сапалы түрде жүзеге асырудың маңызы ерекше. Олардың орындалуы үнемі бақылауда болуы тиіс екені айтылды.
  • Мәжілістің жаңа сессиясы: Депутаттар қандай мәселелерді талқылады 05 Қыркүйек 12:01 Алтыншы сайланған Парламент Мәжілісінің төртінші сессиясы барысындағы басты міндеттер аталды. Жалпы отырыста 19 заң жобасы талқыланды. Жаңа сессияның міндеті мен мақсаттары анықталған отырыс туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Нұрсұлтан Назарбаевтың алтыншы шақырылымдағы Парламентінің төртінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзі 01 Қыркүйек 14:37 Елбасы депутаттар алдында сөйлеген сөзінде халық қалаулыларын Парламенттің жаңа сессиясының ашылуымен құттықтап, алтыншы шақырылымның депутаттық корпусы жоғары кәсібилік көрсетіп, Үкіметпен өзара үйлесімді ықпалдастық танытқанын атап өтті.
  • Парламенттің үшінші сессиясы қорытындыланды 29 Маусым 10:39 Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтті. Бірлескен отырыста Мәжіліс Төрағасы алтыншы сайланған Парламенттің үшінші сессиясы өте маңызды және тарихи кезеңде өткенін айтып, еліміздің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төраға болғанын, сондай-ақ, өткен жылы «ЭКСПО» халықаралық көрмесі ұйымдастырылғанын, Елордамызда Сирия жағдайы бойынша «Астана процесі» өтіп, Қазақстанның әлемдік деңгейдегі келіссөздер алаңына айналғанына тоқталды.



Яндекс.Метрика