сараптама

  • Президент Жолдауы – жаңа мақсат-міндеттер 27 Тамыз 12:26 2019 жылы 10 маусымда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің твиттер-парақшасында 2 қыркүйекте Халыққа Жолдауы жоспарланғанын мәлімдеді. Бұл Мемлекет басшының өз қызметіне кіріскеннен кейінгі алғашқы Жолдауы болмақ. Оның тақырыбы қандай және алдыңғы Жолдаулардан несімен ерекшеленуі мүмкін екендігін төмендегі материалда талқылаймыз.
  • Венчурлік қаржыландыру және «Astana Hub» халықаралық технопаркі қалай жұмыс істейді 26 Тамыз 11:02 2018 жылдың 10 қантарында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында: «Цифрлық және басқа да инновациялық шешімдерді әзірлеушілердің өз экожүйесін дамытуы аса маңызды мәселеге айналып келеді. Ол біздің Назарбаев Университеті, «Астана» халықаралық қаржы орталығы, IT-стартаптардың халықаралық технопаркі сияқты инновациялық орталықтардың төңірегінде қалыптасуға тиіс» деген.
  • Бүкіл Қазақстанды бойына сыйдырған бас қала 27 Маусым 12:42 Биыл Қазақстанның Бас қаласына 21 жыл толады. Ширек ғасырға жуық кезеңде үлкен даму сатысынан өткен Елорда – еліміздің әкімшілік қана емес, қаржылық, мәдени және инновациялық орталығы. Астана алаңы аймақтық және халықаралық күрделі шиеленістердің, қаржылық дағдарыс пен экономикалық санкцияның шешу жолын іздестіретін, дәстүрлі діндер мен конфессиялардың, әлемдік ақыл орталықтарының, бизнес пен инновацияның диалог платформасы деңгейіне жетті. Халықаралық аренада Қазақстанның бас қаласы «Еуразияның жүрегіне», мемлекеттің брендіне айналғаны даусыз. Ал Елорданы көркейту қаншалықты маңызды болса, жыл санап артқан тұрғындардың тұрмыс-тіршілігі мен отбасылардың әл-ауқаты соншалықты өзекті болып келеді.
  • Елбасының Стратегиясын жүзеге асыру - борыш жүктемесін азайту 27 Маусым 11:31 2019 жылғы 26 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту туралы» №34 Жарлығына қол қойды.Бұл бұрын-соңды болмаған теңдессіз әлеуметтік көмек көрсету туралы шешім. Елбасының Стратегиясын жүзеге асыру ісінің жалғасы.
  • Сот жүйесін жаңғырту қалай жүзеге асырылып жатыр? 24 Маусым 12:31 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Қазақстан халқына жолдауында Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаев өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру мақсатында сот жүйесін одан әрі жаңғыртуды тапсырды. Ол үшін үш басымдық белгіленген.
  • ЕАЭО елдерінің интеллектуалдық меншік саласындағы ынтымақтастығы 30 Мамыр 10:07 Постиндустриалдық даму кезеңінде мемлекеттің инновациялық потенциалы экономиканы дамытудың және оның халықаралық қауымдастықтағы рөлін айқындайтын стратегиялық ресурсқа айналды. Осы орайда инновациялық экономикада интеллектуалдық меншікті қорғау маңызды орын алады. Интеллектуалдық меншік Азия мен Еуропа, оның интеграциялық ұйымдары арасындағы көліктік-логистикалық, экономикалық көпір ретінде орнаған ЕЭО елдері үшін өзекті болып саналады. 2019 жылы 29 мамырда Нұр-Сұлтанда Жоғары ЕЭК жиыны өтті. Еуразиялық интеграция идеясының 25 жылдық саммитінде ұйымның табыстары мен күрделі мәселелері талқыланды. Еуразиялық экономикалық одақтың құрылғанына 5 жыл толғанына қарамастан, Одақтың аумағында зияткерлік меншік құқығын қорғаудың құрылымдық және заңнамалық негіздері, патенттеу, тауарлық белгілер, ғылыми жаңалықтарды құқықтық қорғау салалары даму кезеңінен өтті. Қазіргі уақытта интеллектуалдық меншік құқығы бойынша ЕАЭО-ның ЕО, АСЕАН, ШЫҰ-мен ынтымақтастығының өзектілігі артып келеді.
  • Қазақстан мен Өзбекстан: өзара тиімді әріптестіктің жаңа кезеңі 12 Шілде 10:14 2018 жылдың 15 наурызында Қазақстандағы Өзбекстан жылының ресми ашылу рәсімі өткен болатын. Осы оқиға – қазақ-өзбек қатынастары жаңа белесінің бастауы деуге де болады, себебі бұл екі ел арасындағы достық пен татулықтың дамуының көрсеткіші ғана емес, сонымен қатар бүкіл өңірдің экономикалық және саяси серіктестігін нығайтуға зор үлес қосатын айтулы үдерістің бастамасы.Одан бұрын, 2017 жылдың наурызында Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзеев Астанаға ресми сапармен келсе, қыркүйек айында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік сапармен Ташкентке барып қайтқан болатын. Оған қоса қос астанада бизнес ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бизнес-форумдар өткізілді. Бұл шаралардың басты мақсаты – екі елдің экспорттық, инвестициялық мүмкіндіктерін пайдалану арқылы экономикалық әріптестікті күшейту.
  • Қазақ диаспорасын қолдау: қаржы қайда жұмсалады? 19 Маусым 12:20 Мамыр айында Үкіметтің №280 қаулысымен елімізде «Шетелдегі этникалық қазақтарды қолдау жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары» бекітілген болатын. Сөйтіп, Қазақстан Республикасы шетелдерде тұратын этникалық қазақтарды рухани және материалдық тұрғыда қолдауды жүйелі түрде жүзеге асыруға бекінген жайы бар. Құжаттың маңыздылығына қоғам тым қатты назар аудара қоймағанымен, жоспар Қазақстанның стратегиялық қадамдарының бірі болып отыр.



Яндекс.Метрика