Баланы қорғау

Астанадағы жетімдер үйінде ЦСА-на шалдыққан балаларға арналған сауықтыру қондырғысы орнатылды

Астанадағы жетімдер үйінде церебралды сал ауруына шалдыққан балаларға арналған сауықтыру қондырғысы орнатылды, деп хабарлайды «Қасиетті жол» қайырымдылық қорының баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан20 Қараша , 11:41

«Астанадағы жетімдер үйінде мекеме басшылығы мен «Қасиетті жол» қайырымдылық қоры біріге отырып Астана қалалық ҚР Денсаулық сақтау департаментінің қолдауымен церебралды сал ауруына шалдыққан балаларға арналған сауықтыру қондырғысын салтанатты орнату рәсімі өтті», - делінген хабарламада.

Үш жасқа дейінгі мамандандырылған Балалар үйінде церебралды сал ауруына шалдыққан балаларды сауықтырудың толық масштабты бағдарламасы Қазақстанда тұңғыш рет қолға алынып отыр.

«Ұлт болашағы – дені сау балалар» жобасы аясында еліміздің 6 өңіріндегі балалар үйіне сауықтыру қондырғысы сатып алынды, сонымен қатар сауықтыру-дене шынықтыру дәрігерлеріне жаңа әдістемемен білім беру жұмыстары ұйымдастырылды. Бұдан бөлек заманауи әдістемемен сауықтыру жұмыстарын өткізудің нормативі нақтыланды.

Келешекте аталмыш сауықтыру бағдарламасын «Самұрық- Қазына» АҚ қолдауымен республиканың 10 облысына енгізу жоспарланған.




Яндекс.Метрика