Денсаулық сақтау саласындағы негізгі басымдықтар

Астанада 2014 жылы бір ауысымда 500 келушіні қабылдайтын жаңа амбулаторлық- емханалық кешен салынады

Астанада 2014 жылы сол жағалауда бір ауысымда 350 ересек пен 150 баланы қабылдайтын жаңа амбулаторлық- емханалық кешен салынады. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Нұр-Сұлтан18 Желтоксан , 09:45

«Сонымен қатар, Өндіріс тұрғын алабында және Досмұхамедұлы көшесінде әрқайсысы 150 адамға арналған бастапқы медициналық-санитарлық көмек орталықтарын ашу көзделген», - делінген хабарламада.

«Келер жылы сол жағалаудағы амбулаторлық-емханалық кешеннің және 150 келушіге арналған 2 бастапқы медициналық-санитарлық көмек орталығы салынады. Сондай-ақ, туберкулезге қарсы диспансердің құрылысы жалғасады», - деді Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басышысы Жанат Нүрпейісов өз баяндамасында. 

Айта кетейік, бюджет шеңберінде дәрілік заттар сатып алынады, жедел медициналық көмек көрсетуге, емдеу-алдын алу ұйымдарын қанмен және сарысулармен қамтамасыз етуге қаржы қаралған. Бұдан басқа, әлеуметтік қорғау саласында әлеуметтік төлемдерге, медициналық-әлеуметтік мекемелерді ұстап-күтуге, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға, жұмыссыздарды қайта даярлауға және әлеуметтік жұмыс орындарын құруға жұмсалатын шығындарға қаржы бөлінеді. 

 




Яндекс.Метрика