Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері

Астана қаласында Сәтпаев көшесіндегі ХҚКО қайта өз жұмысын бастады

Жаңғыртылған ХҚКО-нда Connection Point өзіне-өзі қызмет ету секторы, мемлекеттік органдар тұлғаларына үндеу жасау орындары, сонымен бірге, зейнеткерлерге, жүкті әйелдерге және мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қызмет көрсету орындары бар, деп Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Нұр-Сұлтан06 Желтоксан , 16:22

«Атап айтқанда, Connection Point өзіне-өзі қызмет ету секторында азаматтар өздігімен кезексіз мемлекеттік қызметті алады. Сол жерде олардың мемлекеттік қызметтерді алуға қажет электрондық цифрлық қолтаңбалары (ЭЦҚ) болмаса, оны жасап береді», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар осы ХҚКО-нда енді мүмкіндіктері шектеулі адамдарға, жүкті әйелдерге және зейнеткерлерге кезексіз қызмет көрсету үшін арнайы қосымша терезе жұмыс жасайды.

«ХҚКО жаңғыртуын өткізу мен бизнес-процесстерді өзгерту арқасында азаматтардың кезекте күту уақыты қысқартылды, және де орташа алғанда 20 минуттан аспайды. Белгілі себептермен зейнеткерлерге, жүкті әйелдерге және мүмкіндіктері шектеулі адамдарға кезекте тұру қиынға түседі. Сондықтан біз оларға қызмет көрсету үшін бөлек терезені ұйымдастырдық» деп түсіндірді «ХҚКО» РМК директорының орынбасары Әсемгүл Балташева.

Сонымен бірге ол ХҚКО денсаулық жағдайына байланысты қозғалу қиындығы бар мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға үй жағдайында қызмет жасайтыны туралы ескертті.

ХҚКО бірнеше күндік жұмысында екі мыңға жуық адамға қызмет көрсеткенін атап айтқан жөн.  

Жаңартылған ХҚКО Сәтпаев (бұрынғы Мирзоян) көшесі 25 мекен-жайы бойынша орналасқан және қаладағы ең танымал болып келеді, күн сайын онда мыңға дейін қызмет алады.




Яндекс.Метрика