Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері

Премьер-Министр Алматы қаласының әлеуметтік нысандарын аралады

Бүгін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Серік Ахметов пен Алматы әкімі Ахметжан Есімов қаланың әлеуметтік нысандарын аралады,деп қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Алматы қаласы03 Желтоксан , 19:07

«Алматы әкімі мен Үкімет басшысы қаладағы №182-ші бала бақшаның ашылуына қатысты. Бала бақша мебельмен, тиісті жабдықтармен, ойыншықтармен, оқу-әдістемелік құралдармен толық жабдықталған. Мекеме 20 орынды, мұнда 6 топ бар», - делінген хабарламада.

Қалада осындай әрқайсысы 120 орынды 3 бала бақша ашылды. Оның екеуі – Алмалы, біреуі - Жетісу, тағы біреуі Түрксіб аудандарында. Алматыда 2008 жылдан бері 29 бала бақша салынды.

Серік Ахметов пен Ахметжан Есімов қала метрополитенінде болды. Әкім биылғы жылдың қаланың қоғамдық көлігін дамыту жылы болып жарияланғандығын жеткізді.

Қала басшысы жолаушылар көлігі санының артқандығын айтты. Бүгінгі таңда метрополитенді пайдаланушылар саны күн санап көбеюде. Егер ашылған кезде онымен тәулігіне 14 мың жолаушы жүрсе, қазір күн сайын метроны 25 мың алматылық пен қала қонақтары пайдалануда. Әкім оның алдағы уақытта іске қосылатын екі станциясыныцң жолаушылар санын арттыратындығын атап өтті.

«Қоғамдық транспортты дамыту қала үшін маңызды міндет.Біз жол инфрақұрылымын дамытуға айрықша назар аударудамыз. Соның арқасында Алматыда жаңа жол айрықтары, жолдар салынды, экологиялық таза қоғамдық көлік паркі қалыптасты», - деді Ахметжан Есімов.

Алматы әкімдігі 195 жаңа троллейбус, 17 трамвай сатып алды. Метро құрылысы жалғасуда, ЖРТ желісі қолға алынуда. Газбен жүретін 400 жаңа автобус пен 200 эко-такси жұмыс істейді. Келер жылдың бірінші толқсанының аяңына дейін газбен жүретін тағы да 300 жаңа автобус алынады, экологиялық көлік саны 50%, жыл аяғында - 60%-ға артады.

Үкімет басшысы мен қала әкімі Медеу ауданындағы 72 пәтерлі тұрғын үйде де болды. Бұл ескі үйлер бағдарламасы бойынша салынған. Тұрғындардың тұрмыс жағдайын жасқарту мақсатында 2012 жылдың ақпан айында осы жоба қолға алынған болатын. Яғни, ескі үйлер қиратылып, олардың орнына жаңа үйлер салынуда. Осы бағдарламаға сәйкес қаланың 7 ауданында 2710 пәтерлі 61 үй салынатын болады. Оның жалпы аумағы -161,6 мың шаршы метр.

 




Яндекс.Метрика