Ауылда медициналық қызмет көрсетудің сапасы

Оралда жаңа емхана бой көтерді

Тәуелсіздік Күні қарсаңында Батыс Қазақстан облысы Зашаған ауданында жаңа қалалық емхана ашылды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Батыс Қазақстан12 Желтоксан , 09:42

«Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев тұрғындарды атаулы күнмен құттықтап, біздің елімізде Мемлекет басшысының көрегенді әлеуметтік саясатының арқасында халықтың денсаулығын жақсартудың бірқатар шаралары қолға алынды. Жыл сайын елімізде, соның ішінде облысымызда жаңа емханалар бой көтереді. Еліміздің барлық өңірлерінде сапалы медициналық қызметке қол жеткізу жан-жақты қарастырылған. Бұл біздің тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жетістіктеріміздің айқын көрінісі», - делінген хабарламада.

Құрылыстың мердігері «Алтим құрылыс фирмасы. Жаңа емхананың ашылуымен Зашаған  тұрғындары мен жақын шағын аудандардағы халық заманауи медициналық кабинеттерде сапалы медициналық қызмет көре алады.

Емхана тәулігіне 250 адамға дейін қабылдайды. Нысан 976 млн теңгеге салынды. Тағы 320 млн теңгеге медициналық қондырғылар алынды. Қосқабатты ғимаратта отбасы денсаулығы орталығы, кеңес беру-диагностикалық бөлімі, алдын алу бөлімі мен әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімі бар. Сонымен қатар, ғимарат аумағында мекеменің автокөліктеріне арналған тұрақ қарастырылған.

 




Яндекс.Метрика