«Саламатты Қазақстан» бағдарламасын орындау аясында облыста 2011 жылдан бері 3 жылжымалы медициналық кешен жұмыс істеп келеді. Осы уақыт аралығында кешеннен 72 мың адам кеңес алған. Ал енді Жітіқара аудынында төртінші жылжымалы медицина кешені тұрғындардың игілігіне ұсынылды», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, облыста жоғарғы білікті кәсіби мамандардан құралған бригада жасақталып, санитарлық авиация жұмысы ұйымдастырылды.
Жалпы, үш жыл ішінде аталмыш кешендер 1083 оқиға орнына шығып, 1229 тұрғынға қызмет көрсеткен.