Дене шынықтыру мен спортты дамыту

Көкшетауда жаңа теннис орталығы ашылды

Көкшетауда жаңа теннис орталығы салтанатты түрде ашылды, деп Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ақмола19 Желтоксан , 11:51

«Көкшетауда облыс әкімі Қосман Айтмұхамедовтың қатысуымен жаңа теннис орталығы ашылды. Заманауи спорт кешені барлық халықаралық талаптарға сай келеді. Мұнда республикалық, халықаралық сайыстарды толығымен өткізуге болады», - делінген хабарламада.

«Теннис орталығы болашақта, әлемдік додаларда топ жарып, Қазақстан абыройын асқақтату жолында еңбектеніп жүрген спортшыларды дайындайтын орталық болады» , - деді аймақ басшысы. 

Атап айту керек, теннис орталығы Көкшетауда бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жүзеге асырылған жобалардың бірі.

Сондай-ақ, орталық заманауи талаптардың барлығына жауап береді.

Жаңа спорт кешенінің ашылуына «Алтын тау» ЖШС қаржы құйып, ел игілігіне берді.

 




Яндекс.Метрика