Дене шынықтыру мен спортты дамыту

Көкшетауда бұқаралық спорт түрін дамыту мақсатында 8 мұз айдыны іске қосылды

Көкшетауда бұқаралық спортты дамыту мақсатында 8 ашық мұз айдыны іске қосылды. Мұз айдындарының жалпы аумағы 16 мың шаршы метрді құрайды, деп Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ақмола07 Қаңтар , 10:00

« Барлық мұз айдындары маңында, конькиді жалға алу мәселесі қарастырылған», - делінген хабарламада.

Бүгінгі таңда мұз айдындары «Тәуелсіздік» орталық алаңында, «Бурабай» спорт сарайында  алдында, «Жастар» стадионында, «Бармашино»  мөлтек ауданында, «Дом Мебели» сауда үйі маңында, «Оқжетпес», стадионы «Жас Қайрат» спорт мектебін  жанында  орналасқан. Шаһардың,  барлық мөлтек ауданында құйылған мұз айдындарында  қыс бойы эстафеталар, түрлі сайыстар сондай-ақ   шаңғы жарыстарын ұйымдастыру жоспарланған.

Сайыстар мектеп оқушылары, студенттер мен зейнеткерлер арасында өткізіледі. Осылайша, аймақ қыстық спорт түрлеріне барынша бұқараны тартып, қыс мезгілінде барлығы 3,5 мың тұрғынды салауатты өмір салтын ұстануға шақырмақ.    




Яндекс.Метрика