Ауылда медициналық қызмет көрсетудің сапасы

Алматы декларациясының 35 жылдығына арналған халықаралық конференция қатысушылары ауылдық амбулаторияның жұмысымен танысты

Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбеова мен Алматы декларациясының 35 жылдығына арналған халықаралық конференция қатысушылары Алматы облысы, Талғар ауданы Кеңдала ауылының дәрігерлік амбулаториясының жұмысымен танысты, деп ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
Алматы06 Қараша , 18:00

Жұмыстың бірінші мақсаты денсаулық сақтаудың ауылдық жерде қалай жүзеге асып жатқандығына бағытталды.

«Конференцияға қатысушылар – әр түрлі ел өкілдері, МСАК мамандары және еліміздің түкпір-түкіпірінен жиналған адамдар алғашқы медициналық-санитарлық көмек бойынша пікір алмасты», - деп хабарламада нақтыланған.

Кеңдала дәрігерлік амбулаториясы 7 мың жергілікті тұрғынға қызмет көрсетуде. Алғашқы медициналық-санитарлық көмекті терапевт, педиатр медбикелер  көрсетеді. Әрбір МСАК дәрігеріне 3 медбикеден келеді. Әлеуметтік психолог маманы да қарастырылған.

Алғашқы медициналық-санитарлық көмек бойынша күндізгі стационар да қызмет етеді. Ол тәулік бойы істейтін стационарға дертке шалдыққан адамдарды жеткізуге мүмкіндік береді.

Конференцияға қатысушылар жылжымалы медициналық кешеннің қызметімен де танысты, ол консультативті-диагностикалық көмек көрсету бағытына арналған. Бүгінде Алматы облысында 5 жылжымалы медициналық кешен жұмыс істейді.

ДСМ баспасөз қызметі хабарлағандай, жұмыс қорытындысы бойынша ана мен бала өлімі тіркелмегендігі анықталды.

 

 




Яндекс.Метрика