Өңірлердегі әлеуметтік теңгерімсіздіктер проблемасын шешу

Ақмола облысында Тәуелсіздік күніне орай пәтер кілттері табысталды

Ақмола облысында Тәуелсіздік күніне орай жаңа пәтерлердің кілттері табысталды, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ақмола16 Желтоксан , 11:00

«Бурабай ауданында 9 отбасы жаңа баспанада қоныс тойын тойлайды. Пәтер кілттері  соғыс ардагерлеріне, жетім балалар үйінің тәрбиеленушілеріне және мүмкіндігі шектеулі жандарға табысталды», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, жаңа баспана барлық қажеттіліктерге жауап береді. Жалпы, тұрғын үй құрылысының бағдарламасы бойынша Ақмола облысында 2013 жылы 263 мың шаршы метр тұрғын үйді енгізу жоспарланып отыр. Бұл мақсат үшін республикалық бюджеттен 5,8 млрд теңге бөлінді. 




Яндекс.Метрика