Ауылда медициналық қызмет көрсетудің сапасы

Қызылорда облысында жедел жәрдем бекетіне 26 мамандандырылған санитарлы автокөлік алынды

Кеше, 5 қаңтарда, Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев жедел жәрдем қызметкерлеріне мамандандырылған 26 санитарлық автокөлік кілтін тапсырды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми порталы.
Қызылорда06 Қаңтар , 09:42

Хабарламада айтылғандай, аталмыш реанимобильдер аудан және облыс орталығының жедел медициналық қызмет станцияларына үлестірілді.

«Салтанатты түрде реанимобиль кілттерін тапсыру барысында облыс әкімі денсаулық сақтау саласындағы облыстың жетістіктерін, атап айтар болсақ, автоматтандырылған диспечерлік-ақпараттық қызметті енгізу (АДАҚ), дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету секілді жетістіктерді тілге тиек етті», - делінген хабарламада.

 




Яндекс.Метрика