Ұлттық интеллигенциясының рөлі

Петропавлда «Қозыбаев оқулары-2013» өтті

Петропавлда «Қозыбаев оқулары-2013» өтті, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Солтүстік Қазақстан16 Қараша , 11:03

 «М.Қозыбаевтың ғылыми еңбектеріндегі саяси көзқарастары көбіне тәуелсіз Қазақстанның даму жолына, өзінше мемлекеттің аяққа тұруына, азаматтық бірлік пен әлеуметтік келісім саясаты, демократияландыру процесіне, нарықтық және әлеуметтік реформаға арналған. Аталмыш еңбектер еліміздің тарихи және саяси ойлау жүйесінің іргетасы іспеттес», - дейді облыс әкімі Самат Ескендіров.

Қоғам және мемлекет қайраткері Манаш Қозыбаев құрметті ақсақалдың отбасында дүниеге келді. Ата-тегі соғысты алғашқы жылында өзінің ақшасына ұшақ сатып алып берген отансүйгіш Қабаш Қозыбаевқа барып тіреледі.

Академик Манаш Қозыбаевтың жетекшілігімен Қазақстанның тарихи ғылым әдістемесіне бағытталған және жинақталған тарихи мәліметтерді қорытындылау мен Қазақстанның тарихи этникалық және этногенездік мәселелерін зерттеу, мемлекеттілік пен ұлттық қауіпсіздік мәселелері, әлеуметтік-саясат пен Қазақстанның Ресей мен Қытай, ТМД елдері арасында экономикалық тарихтың маңызды бөліктерін зерттеу жұмыстары жүргізілді.  

Қозыбаев оқулары жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіледі. Оған тек отандық емес, Ресейден келген ғалымдар да қатысады. Биыл көршілес елдің Түмен, Челябинск және еліміздің Астана мен Алматы қалаларының ғалымдары баяндамаларын оқыды. 




Яндекс.Метрика