Ауылда медициналық қызмет көрсетудің сапасы

Денсаулық сақтау министрі Ақтөбе облысының ауылдық жерлердегі медицина нысандарын аралады

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі С.Қайырбекова Ақтөбе облысында ауылдағы медицналық нысандарда: Хромтау орталық аудандық ауруханасында және Ақжар дәрігерлік амбулаториясында болды, деп Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ақтөбе11 Желтоксан , 18:01

«Науқастармен әңгіме барысында Министр Салидат Қайырбекова көрсетілетін медициналық қызметтің қаншалықты қолжетімді және сапалы екенін, дәрілік препараттармен қамтамасыз ету жайы жөнінде пікірлерін сұрады», - делінген хабарламада.  

Министр денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясат туралы әңгімелеп, ауыл халқына көрсетілетін медициналық қызмет сапасын арттыру, күндізгі стационарлардың жұмысын жақсарту керектігін алға тартты. 

 Сонымен қатар, Министр көшпелі семинарлар өткізу арқылы ауылдағы дәрігерлердің біліктілік деңгейін көтерудің маңыздылығына тоқталды.

Хромтау ауданында 41 мыңнан астам халық тұрады. Аудан халқына медициналық көмек орталық аудандық аурухана, 5 дәрігерлік амбулатория, 1 фельдшерлік-акушерлік тірек, 18 медициналық тірек арқылы көрсетіледі.   

 Орталық аудандық аурухана толықтай компьютрлендіріліп, барлық бөлімшелер ортақ желіге қосылған. Ауруханада кешенді ақпараттық жүйе пайдаланылып, науқас туралы барлық мәлімет жинақталатын электрондық қор енгізілген. Емдеу мекемесі күнделі жөндеуден өткізіліп, қазіргі заманғы құралдармен жабдықталған. Білікті мамандар жұмыс істейді.  

Дегенмен, медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін ұйымдарда дәрігерлер жетіспейді. Осы орайда Министрге саланы мамандармен толық қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан шаралар туралы баяндалды. Денсаулық сақтау министрлігі өңірлерге жіберген мамандарға биыл Ақтөбе облысында мемлекет тарапынан қарастырылған әлеуметтік көмекке қоса әкімдік 60 млн. теңге қосымша қаражат бөлген. 30 жас дәрігерге 2 млн. теңгеден көтермеақы берілген.    

 

                              

 




Яндекс.Метрика