Жұмыспен қамту және еңбек саясатын жаңғырту

ҚР-да жұмыспен қамту бағдарламасының нәтижесінде жалданған жұмысшылар саны 400 мыңға жетті – Т. Дүйсенова

Бүгін, 19 желтоқсан ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтың төрағалығымен Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының қорытындысын айтты.
Казахстан19 Желтоксан , 11:12

«Бағдарлама жұмыс істегелі жалданған қызметкерлердің саны 5,6 млн адамнан 6 млн адамға жетті. Тиімсіз өзін өзі қамту 37,5 пайызға дейін төмендеді. Ал жұммыссыздық деңгейі 5,2 пайызды құрады», - деді Т. Дүйсенова.

«Барлық үш бағыт бойынша бағдарламаның негізгі нәтижесі 241 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту болып табылады, олардың 132 мыңы тұрақты жұмыс орындарына бағытталған», - деді Т.Дүйсенова.

Сонымен қатар, ол бағдарламаның нәтижелері жұмыспен қамтудың артуына әсер еткенін атап өтті. 

Осылайша, ведомство басшысының мәліметінше, 2011 жылға дейін жалдамалы жұмысшылар санының орташа жылдық өсуі 170 мың адамды құраса, 2012 жылы ол 232 мың адамға дейін жетті.

«Өзін-өзі қамтығандардың меншікті салмағы өзін-өзі қамтығандардың жалпы санында 33,7%-дан 30,5% дейін азайды, ал жұмыссыздықтың жалпы деңгейі ағымдағы жылдың үшінші тоқсанында 5,2%-ды құрады», - деп қортындылады министр. 

 

 




Яндекс.Метрика