Жұмыспен қамту және еңбек саясатын жаңғырту

ШҚО-да жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша 50 отбасы баспанамен қамтылды

Семей қаласында облыстың регрессивті ауылдардан қоныстандырылған отбасыларына арналған «Жұмыспен қамтудың жол картасы -2020» бағдарламасы бойынша салынған 50 үй қолданысқа берілді, деп хабарлайды ШҚО ақпараттық орталығы.
Шығыс Қазақстан05 Желтоксан , 09:15

«ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев қуаныш иелеріне үй кілтін салтанатты түрде табыстады», - делінген хабарламада.

Айта кету керек, тұрғындармен алдағы уақытта тағы да ұзарту мүмкіндігімен 5 жылдың жалдау келісімшарты жасалды. Олар ай сайын 7 мың теңге төлеп, 5 жылдан кейін үйді өз аттарына аударып алатын болады.

Сонымен қатар, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасында алған міндеттемесі бойынша мемлекет барлық қоныстанушыларды жұмыспен қамтып, балаларды жақын жердегі мектеп пен балабақшаларға орналастырды.

Жалпы, жобаны іске асыруға республикалық және жергілікті бюджеттен 346 млн теңге бөлінген.

Облыс әкімінің айтуынша, мұндай инвестиция өзін-өзі ақтап қоймай, экономикалық және әлеуметтік көрсеткіштерді де алға сүйрейді.




Яндекс.Метрика