Ең төменгі әлеуметтік стандарт

ҚР-да 2017 жылы көнкөріс минимумы көтерілуі мүмкін- ЕХӘҚМ

ҚР-да 2017 жылға қарсы көнкөріс минимумы көтеріледі, деп Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
Казахстан12 Қазан , 12:19

«Қазақстанда күнкөріс минимумы саласында халықаралық тәжірибе қолданылады. Ол 2010-2012 жылдар аралығында Қазақстан тұрғындарының қажеттіліктерінің өзгеруі мен Халықаралық еңбек ұйымының бірлесуімен жүзеге асырылған. Бұл әрекетті министрлік көнкөріс минимумын дамыту мақсатында жасап отыр», - деп хабарламада нақтыланған.

 ХЕҰ-ның сарапшылары жүргізген зерттеудің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасында қолданылып жатқан күнкөріс минимумының өсуі халықаралық тәртіптерге сай деп шешілген. Сонымен қатар, ҚР-ның ұлттық сарапшылары 2012 жылы Еуропа елдерінің көпшілігі қолданатын, Қазақстанда әлеуметтік көмек көрсету тұрғысында жасалған сараптаманың қорытындысын тапсырды.

Қорытындылай келе ұлттық сарапшылар халықтың кедейлігі мен әлеуметтік көмек көрсету саласына орташа табыс көзі әсер етеді деген пікір жөнсіз. Бұл көрсеткіш әлемаралық кедейлікті салыстыру үшін ғана қоладынлады. Оған қоса, ҚР-ның 2030 жылға дейінгі әлеуметтік даму Концепция жобасы бойынша 2017 жылға қарсы мемлекеттің экономикалық мүмкіндігіне қарай халықтың күн көріс минимумын өсіру жоспарланып отыр.

Бүгінгі таңда Министрлікте күн көріс минимумын тұрақтандыру бойынша жұмыс тобы құрылған, оның құрамына ұлттық және халықаралық сарапшылар кіреді. Жұмыс тобының қызметі бойынша күн көріс минимумын жетілдіру үшін бірқатар ұсыныстар негізге алынатын болады.

 

 

 

 




Яндекс.Метрика