ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлері бөлімшелерінің жауынгерлері биылғы жылдың шілде айында Қапшағай су қоймасында парашютпен суға секіру жаттығуларын жүргізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚО ҚМ баспасөз қызметі.
ҚР ӘӘК Су-27 ұшақтарының кезекті партиясын қабылдады 27 Желтоксан14:30Алматы облысы Жетіген авиациалық базасында Беларусь Республикасының Барановичи қаласынан Қазақстанның Әскери-әуе күштері үшін жеткізілген Су-27 ұшақтарының кезекті партиясын қабылдау рәсімі болды, деп Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
ҚР әскери сарапшылары Бірлескен бақылау тобының кезекті сессиясына қатысты 25 Желтоксан10:33Пекинде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің өкілдері Шекара ауданында әскери саладағы сенімді нығайту туралы және Шекара ауданында қарулы күштерді өзара қысқарту туралы «Шанхай» және «Мәскеу» келісімдерін орындау жөніндегі Бірлескен бақылау тобының кезекті сессиясына қатысты, деп Ақорданың баспсөз қызметі хабарлады.
Қарулы Күштерде жас буын ант қабылдады 18 Желтоксан18:45Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде жас сарбаздар әскери ант қабылдады. 2013 жылдың күзінде төл Армиямызға әскери қызметке шақырылған мың жарымға жуық мерзімді қызметтің әскери қызметшілері Отанға адалдыққа серт берді, деп ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
ҚР ҚК Әскери теңіз күштері: жаңа кемеде әскери-теңіз жалауы желбіреді 05 Желтоксан14:30Ақтауда Қазақстан Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің «Орал» ракета-артиллериялық кемесінде тұңғыш рет әскери-теңіз жалауы көтерілді. Бұл сынақтардың аяқталып, аталған кеменің Қазақстан Қарулы Күштері Әскери теңіз күштерінің құрамына қабылданғанын айғақтайды.
Әскери полиция жаңа темір тұлпарларға ие болды 04 Желтоксан17:34ҚР Тұңғыш Президентінің Күні әскери полиция жаңа темір тұлпарларға ие болды, деп Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.