
Қазақстанда этносаралық татулық және өзара ұлтаралық толеранттылықты қалыптастыра алған ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың бұл жүйесін әлемде «Назарбаевтың моделі» деп атап кеткен. 1995 жылы Қазақстанның бұрынғы Президентінің бастамасымен құрылған Қазақстан халықтары ассамблеясының жоғары органы – сессияда сөйлеген сөздері, қоғамдық-саяси басылымға Елбасының жеке архивінен алынған және кітапхана қорында сақталған құнды суреттер мен құжаттар енген кітаптың тұсауы бүгін кесілді.