Басты

Ұлт денсаулығы - табысты болашағымыздың негізі

Қай елдерде инфекция жұқтыру қауіпі зор? – ҚР Бас санитары ескертеді 10 Шілде 17:24
Қазақстанда соңғы екі жылда оба, туляремия сияқты аса қауіпті инфекциялардың табиғи ошақтары, денге қызбасы, тырысқақ сияқты ауру түрлері тіркелген. Осы аурулардың ошағы болып табылатын Оңтүстік шығыс Азия елдері, Оңтүстік Америка және Африка мемлекеттерінде демалуды жоспарлаған қазақстандықтарға Қазақстан республикасы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары Жандарбек Бекшин абай болуды ескертті. Ол сондай-ақ баратын мемлекет туралы алдын-ала ақпарат біліп, екпе егіп шығуға кеңес берді.

  • Медицина саласындағы көрсеткіштер – ҚР Денсаулық сақтау министрі есеп берді 19 Маусым 12:05 2025 жылға дейін қазақстандықтардың өмір жасын 75 жасқа дейін ұзарту, міндетті әлеуметтік сақтандыру, медицина қызметкерлерінің жалақысын 30 пайызға көтеру, дәріханалардан дәріні рецеппен беру поцессі, ана мен бала денсаулығы және т.б. мәселелер туралы халық алдында есеп берген ҚР Денсаулық сақтау министі Елжан Біртанов министрліктің алдағы мақсаттарымен бөлісіп, сонымен қатар тұрғындардың сұрағына жауап берді.
  • Қазақстанда тегін дәрі-дәрмекті қалай алуға болады? 12 Маусым 14:39 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 29 тамыздағы № 666 бұйрығымен азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық деңгейде тегін немесе жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен және мамандандырылған емдік өнімдердің тізімі бекітілген болатын.
  • 2019 жылы медициналық ЖОО-ға түсу кезінде іріктеудің жаңа жүйесі енгізіледі 28 Қыркүйек 14:39 2019 жылы медициналық ЖОО-ға түсу кезінде іріктеудің жаңа жүйесі енгізіледі. Бұл туралы Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын іске асыру шеңберінде медициналық кадрларды даярлаудың сапасын арттыру мәселелері жөніндегі ҚР Үкіметінің баспасөз конференциясында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді.
  • Ж.Зекейұлы: Біз медициналық туризмді бастап кеттік 25 Маусым 17:04 ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясында осыдан алты жыл бұрын медициналық туримзді дамыту керегін айтқан болатын. Оның сыртында әр жиын сайын, дәрігерлік көмектің, емдеудің сапасын арттыруды сала мамандарына тапсырып келеді. Жақында Астана төрінде ірі халықаралық дәрігер ғалымдардың қатысуымен ел медицинасын ілгері сүйреп, әлемге танытуға талпынған ауқымды шара өтті. Оны белгілі профессор, академик Жасан Зекейұлы өз қаржысына ұйымдастырыпты. Дәрігер-ғалым Жасан Зекейұлы қазіргі біздің медицинаның ахуалы, медициналық туризм және бүгінгі таңдағы өршіп тұрған кеселдер туралы әңгімелеп берді.
  • Қателесіп немесе артық төленген медициналық сақтандыру төлемдерін қалай қайтып алуға болады 23 Ақпан 14:12 Сақтандыру жүйесіне қателесіп немесе артық төленген жарналарды қайтарып алуға болады. Артық ақшаны қайтарып алу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына қайтару туралы өтініш жазу қажет.
  • Батыс Қазақстан облысында инсульт орталығы пайдалануға берілді 30 Желтоксан 12:21 Оралда 30 керуеттік инсульт орталығы ашылды. Жүрек-қан тамырлары ауруларын сапалы және жедел емдеуде орталықтың маңызы зор, деп Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
  • Шығыс Қазақстан облысында жаңа аурухана ашылды 26 Желтоксан 16:42 Семейде жедел жәрдем көмегінің жаңа ауруханасы ашылды, деп ШҚО ақпараттық орталығы хабарлады.
  • ТЖМ-де Қазақстандағы жаңа күре жолдық пункттерді құру жағдайы талқыланды 25 Желтоксан 10:51 Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінде «Қазақстан Республикасы Үкіметінің автокөлік жолдарында күре жолдық медициналық құтқару пункттерін орналастыру жұмысы бойынша ведомствоаралық жиналысы болып өтті, деп ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
  • ҚР-да ЖРВИ мен тұмауға шалдығу деңгейі 26,9%-ға азайды – ДСМ 23 Желтоксан 17:57 Елімізде өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда биыл жедел респираторлы вирустық инфекция ауруы мен тұмауға шалдығу деңгейі 26,9%-ға азайды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
  • «Промышленный» және «Оңтүстік-шығыс» аудандарының тұрғындарына арналған отбасылық денсаулық орталығы ашылды 21 Желтоксан 9:45 Астанада «Промышленный» және Оңтүстік-шығыс тұрғын алабтарының тұрғындарына қызмет көрсететін «Ниет» отбасылық денсаулық орталығы ашылды. Аталған мекеме бір ауысымда 150 адамды қабылдайды, деп Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Параққа өту:
Яндекс.Метрика