«Саламатты Қазақстан»: Көкшетауда жетілдірілген балалар жан сақтау бөлімі ашылады (ФОТО) 08 Ақпан0:00Наурыз айының басында Ақмола облыстық балалар ауруханасының жан сақтау бөлімі күрделі жөндеуден өткеннен кейін іске қосылады. Озық технологиямен жабдықталған бөлімнің қуаттылығы 9-дан 12 кереуетке дейін артпақ. Енгізілген жаңашылдықтар балалардың өмірін көптеп сақтап қалуға мүмкіндік береді, деп сенім білдірді бөлім меңгерушісі, жоғары санатты анестезиолог-реаниматолог Ирина Иванова.