
2019 жылдан бастап «қарапайым заттар экономикасын» дамыту үшін қолжетімді несие беру процессіне 600 млрд теңге бөлінген болатын. Соның арқасында 2025-жылға қарай 16 мың тұрақты жұмыс орнын құруға, бюджетке 1,1 трлн теңге салық түсімдерін қамтамасыз етуге мүмкіндік тумақ. Осы мақсатта Қазақстан халықтары ассамблеясының кәсіпкерлер қауымдастығы желісі негізінде «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына үлес қосып, шетелдік инвесторлармен экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, ҚХА шетелдік достарының клубын құру және ҚХА Кәсіпкер-өкілдерін шет елдермен екіжақты іскерлік кеңестерге қосу мақсатында Нұр-Сұлтан қаласында уәкілетті мемлекеттік органдармен және қоғамдық бірлестіктермен ҚХА Хатшылығының кеңейтілген отырысы өтті.