Басты

Сараптама

Айдарлар
  • Әуелде қандай едім? Қазір кіммін? 02 Сәуір 18:23 Қазақ қоғамы осынау жылдары ойда жүрсе де, орайы келе бермеген мәселелерге назар аударды. Санаға сілкіністің, түйсікті түлетудің қажет екенін ұққандай болдық. Жастар арасындағы қылмыс пен жат қылық, діни-экстремистік топтың етегінен ұстап, жетегінде кету, білікті жастың шекара асуы, одан қалды «Мен әуелде қандай едім? Қазір кіммін және қайда бет алып барамын?» деген сұрақтардың мазалай бастағандығы анық.
  • Қылмысты ашу, жасырын тергеу және 48 сағат 29 Наурыз 17:51 Әрбір мемлекеттің халқы алдында бір парызы бар. Ол құқықтық қоғамның басты мақсат, негізгі міндеті. Конституцияның 1-бабының 1-тармағында: «Қазақстан үшін ең қымбат қазына - адам, оның өмірі, құқығы мен бостандықтары», - деп жазылған.
  • Цзянь Цзэмин: Қытайдың Қазақстанға территориялық таласы жоқ 28 Наурыз 15:54 Қазақстан – ғасырлар бойы қалыптасқан Дала дипломатиясын Еуразия кеңістігінде жүргізіп келе жатқан мемлекет. Ежелден Дала дипломатиясы салмақтылық, жан-жақтылық, саяси интуицияға сүйенгені белгілі. Алыс-жақын мемлекеттермен жүргізілген қарым-қатынастың, сыртқы саяси ұстанымның айшықты мысалы ретінде Керей мен Жәнібек хандардың, Абылай мен Қасымның сыртқы саяси шешімдерін, XX ғасырдың басындағы зиялы қауымның заманауи мемлекет болу талпынысын айтамыз.
  • Құқықтық мемлекет: "Бір кінәсізді соттағанша, 10 кінәліні ақта" 27 Наурыз 18:12 Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: - «Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарих­тың шаңында қалады», - деп айтылады. Құқық қорғау органдарына да жаңару керек. Ол үшін «100 қадам» Ұлттық жоспары қабылданды. Оның екінші реформасында - әділ сот төрелігі және құқық қорғау жүйесі адамдардың құқығы мен бостандығын қорғауды, құқықтық тәртіпті нығайтып, заңдардың мүлтіксіз орындалуын көздейді деп Елбасы шегелеп айтты.
  • Назарбаев моделі 20 Наурыз 11:50 2019 жылы 19 наурызда Тәуелсіз Қазақстан үшін тарихи күн болды. Себебі, Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға үндеу жолдап, ел Президенті ретінде өкілеттігін тоқтату жөнінде шешім қабылдады. Заңға сәйкес, Президенттің өкілеттігі 2020 жылы тоқтауы керек еді. Алайда, түбегейлі шешім халыққа жарияланып, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Көмекшісі мен Кеңсесінің Басшысы да тағайындалып үлгерді. Бұл тұтас Қазақстан халқы үшін күтпеген, бірақ тиянақты ойластырылған шешім. Өйткені, соңғы жылдардағы мемлекеттік басқару саласындағы модернизация, қабылданған тиісті құжаттар осы шешімнің, билік транзитінің алғышарты еді.
  • Бір белдеу, бір жол: Жібек жолындағы жүздесу 15 Наурыз 12:39 2019 жылы сәуір айында Бейжіңде кезекті «Бір белдеу, бір жол» халықаралық ынтымақтастық Форумы өтеді. Қазіргі уақытта масштабты кездесуге қызу дайындық жүріп жатыр. Өйткені, аталмыш Форум ауқымы бойынша Еуразия кеңістігіндегі халықаралық жиындардан кем емес. Өйткені, 152 мемлекет пен халықаралық ұйым инициативаны қолдап отыр. ҚХР Төрағасы Тәуелсіздік мерекесіне орай жолдаған құттықтау телеграммасында ҚР Президенті Н.Назарбаевты айтулы Форумға арнайы шақырған еді. АҚШ бұрынғы Мемхатшысы Г.Киссинджер өзінің 40 жылдық саяси-дипломатиялық қызметінде Қытайға 50 рет барғанын «мақтанып» жазады. Ал, 2018 жылғы 7 маусымдағы Бейжіңге мемлекеттік сапарында Н.Назарбаев тек Си Цзиньпинмен 18 рет кездеcкенін тілге тиек етті. Осы аралықта 67 млрд АҚШ долларын құрайтын 127 құжатқа қол қойылған. Қос мемлекеттің дипломатиялық байланысы орнаған уақыттан қарасақ, көршілік байланыстың қаншалықты маңызды екендігін бағамдауға болады.
  • Денсаулық сақтаудың дидары қандай? 30 Қараша 10:20 ХХІ ғасырда мемлекеттің экономикалық әлеуетін, оның әлемдік өзгерістерге бейімділігін айқындайтын бірден-бір көрсеткіш – адами капитал. Ал адами капиталдың негізі азаматтардың әл-ауқаты мен денсаулығы. Анығын айтқанда, тәуелсіздікті жариялаған алғашқы жылдары елімізде халықтың денсаулығын сақтау мәселесі күрделі болды. Саламатты өмір салтын сақтау, ана мен бала өлімі, нашақорлық пен маскүнемдікке қарсы күрестің қаншалықты қажет екендігін қоғам түсіне бастады. Елдің ішкі-сыртқы саясатын түгендеп, халықтың тұрмысын түзеуге арналған ең алғашқы стратегиялық құжат – «Қазақстан-2030» Стратегиясы болды. Аталмыш стратегия іске асырылған жылдары денсаулық сақтау жүйесі үлкен өзгерістерге ұшырап, ана өлімі шамамен 3 есе азайып, бала туу көрсеткіші бір жарым есе артты. Білім алуда барша азаматтарға тең мүмкіндіктер қарастырылып, оған жұмсалатын қаржы 9,5 есе өсті. Қазақстан стратегияда көрсетілген межеге мерзімінен бұрын жеткенін айтты. Алайда, «Қазақстан-2030» бағдарламасы мерзімінен бұрын орындалғанымен, жаһандық саяси-экономикалық өзгерістерге байланысты өзгеше сын-қатерлер «менмұндалап» шықты. Жаңа мәселелер туындап, соған сәйкес шешу жолдары қарастырыла бастады. Ол жаңа мемлекеттік бағдарламалар мен Жолдауларда көрініс тауып, жалпы іс-қимылға бағдар беріп отырды. «Заманы сай адамы, уақытына сай бағдарламасы» десе де болғандай.
  • Қазақстандық сыртқы саясат моделі 21 Қараша 14:35 Француздың әйгілі қолбасшысы Наполеон Бонапарттың «Мемлекеттің саясаты оның географиясымен анықталады» дегені көп мемлекетттің ішкі-сыртқы саяси жағдайына дәлме-дәл анықтама бергендей. Еуразия суперконтинентінің ортасында, көлік-логистикалық байланыстың, мәдени-рухани, экономикалық ықпалдастықтың түйісу нүктесінде жатқан Қазақстан үшін оның географиясы кейінгі сыртқы саясатын, еш пафоссыз айтқанда, тағдырын анықтап берді. Көп векторлық, тату көршілік, достық, серіктестік пен өзара тиімділік – егемендігіне 27 жыл толған Қазақстанның сыртқы саясатының берік қағидаттары. Қазақстан барлық елдердің өзара теңдігін, сыртқы күштердің ішкі істерге араласпауын, халықаралық деңгейде қорғалуын, орын алған проблемалардың бейбіт түрде және ашық диалог форматында шешілуін қолдайды.
  • Ұлттық валюта: «Голланд дертінен» арылуымыз керек 19 Қараша 10:04 Биыл Ұлттық валютамыз – теңгенің 25 жылдығын атап өттік. Ұлттық валюта кез келген мемлекеттің Тәуелсіздігінің бір нышаны. Осы ширек ғасырда теңгеміздің тағдыры талай мәрте қылға қыстырылып та, төрде «төрелік» етіп те тұрды. Елдің экономикасы қарыштап дамып, «қара алтынның» құны артып тұрғанда теңгенің де бәсі биік еді. Қаржылық дағдарыстың салқыны соғып, отандық өндірістің тынысы тарылғанда теңгеміздің де күзгі жапырақтай қалбақтап қалғанын көріп отырмыз. Енді өткен күнге шолу жасай отырып, бүгінімізді һәм болашағымызды сараптап көрейік.
  • Қазақстандық білімнің барысы мен аяқ алысы қандай? 31 Қазан 14:32 Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес білім беру (орта білім міндетті, азаматтар орта және жоғары білімді тегін алуға құқылы), денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау салаларында мемлекеттік кепілдіктер берілетіні анық жазылған. Дамыған елдердің тәжірибесіне қарап, білім беру мен денсаулық сақтау, ғылымды дамыту, спорт, жұмыспен қамтуға бағытталған реформалар мен инвестицияның арқасында ұлт өмірін сапалы қылуға, постиндустриалды қоғам талаптарына жауап беретін интеллектуалды қоғам орнатуға, табысты жастарды тәрбиелеуге болатынына көз жеткіземіз. Мемлекеттің әр қадамы нәтижелі болу үшін тұлғаның бәсекеге қабілеттілігі де жоғары болуы керек.
Параққа өту:
Яндекс.Метрика