Басты

Сараптама

Орталық Азия мен Қытайдағы конституциялық реформа тәжірибесі 30 Тамыз 10:01
Конституция – кез-келген мемлекетте заң билігі мен құқық үстемдігін орнататын басты құжат. Мемлекеттің іргелі құндылықтары мен бұлтармас қағидаттары осы Ата заңда көрсетіледі. Дегенмен, заман дидарының өзгеруі жағдайында конституциялық реформа жүргізу халықаралық тәжірибеде қалыптасқан жағдай. Халықаралық қауымдастықтағы белгісіздік пен тұрақсыздық, сауда текетіресі мен санкциялық соғыстар, жалпы цифрландыру үрдісімен келген қоғамдық өзгерістер заңнамалық құжаттарға түзетулер енгізіп отыруды талап етеді. Азия аумағындағы бірқатар мемлекеттер заман бетбұрысына қарай бірқатар баптарын қайта қарастырған екен.

Айдарлар
  • Сот жүйесін жаңғырту қалай жүзеге асырылып жатыр? 24 Маусым 12:31 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Қазақстан халқына жолдауында Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаев өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру мақсатында сот жүйесін одан әрі жаңғыртуды тапсырды. Ол үшін үш басымдық белгіленген.
  • Рухани жаңғыру және жастар жылы 20 Маусым 14:45 Биыл «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламалық мақаласының шыққанына 2 жыл толды. Ол 2017 жылы 12 сәуірде отандық басылымдарда жарияланып, қоғамда резонанс тудырған еді. Жоғарғы мінберден бастап, оқу орындарына дейін рухани жаңғырудың қазіргі жай-күйі мен алдағы бағыт-бағдары талқыланды. Жалпы, еліміздегі рухани жаңғыру – үздіксіз процесс болғандықтан, оған Тәуелсіздік жарияланған соң қолға алған барлық рухани-мәдени шаралар енеді. Алғашқы жылдардағы «Мәдени мұра» бағдарламасы, «Тарих толқынындағы халық», ҚР Президентінің Ұлытаудағы сұхбаты, кейінгі «Ұлы Даланың жеті қыры» осы үрдістің үзілмес бөліктері. Аталған іс-шаралар мен бағдарламалар көнеден келе жатқан рухани-мәдени қазынаны қайта қаузап, тарихи танымды кеңейтуді ғана емес, бүгінгі қоғамдық сананың трансформациясын көздейтін маңызды құжаттар. Ал, Қ.Тоқаевтың «Барымыз да, бағымыз да – Тәуелсіздік» атты сұхбаты осылардың заңды жалғасы деуге болады.
  • Құқық қорғау жүйесін реформалау қалай жүзеге асырылуда? 20 Маусым 11:42 Осы жылдың 12 маусымында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының сайланған Президенті қызметіне ресми кірісу рәсіміндегі сөйлеген сөзінде: «Сот және құқық қорғау жүйесін реформалауды маңызды бағыттарға жатқызып, оған баса мән беруіміз керек» деген. Президент «құқық қорғау жүйесінің басты міндеті – халықтың сеніміне ие болу» деп белгілеген.
  • Еуразияның диалог пен даму платформасы 12 Маусым 17:10 Маусым айы маңызды кездесулер мен саяси оқиғалардан басталды. Қазақстанда Президент сайлауы өтіп, 70,76 пайыз дауыспен кандидат Қ.Тоқаев жеңіске жетті. РФ Президенті В.Путин, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Армения Республикасы, Түркия және т.б алыс жақын мемлекет басшылары құттықтау жеделхаттарын жолдады. Қазақстан Орталық сайлау комиссиясы хабарлағандай, 2019 жылы 12 маусымда жаңадан сайланған ҚР Президентінің инаугурациясы өтеді. Өткенде аптада Қытай Төрағасы Си Цзиньпин мемлекеттік сапармен Мәскеуге барып, Ресей Президенті В.Путинмен бірлескен мәлімдеме қабылдады, сондай-ақ Петербург халықаралық экономикалық форумына қатысты. Алда – АӨСШК мен ШЫҰ саммиттері.
  • ЕАЭО елдерінің интеллектуалдық меншік саласындағы ынтымақтастығы 30 Мамыр 10:07 Постиндустриалдық даму кезеңінде мемлекеттің инновациялық потенциалы экономиканы дамытудың және оның халықаралық қауымдастықтағы рөлін айқындайтын стратегиялық ресурсқа айналды. Осы орайда инновациялық экономикада интеллектуалдық меншікті қорғау маңызды орын алады. Интеллектуалдық меншік Азия мен Еуропа, оның интеграциялық ұйымдары арасындағы көліктік-логистикалық, экономикалық көпір ретінде орнаған ЕЭО елдері үшін өзекті болып саналады. 2019 жылы 29 мамырда Нұр-Сұлтанда Жоғары ЕЭК жиыны өтті. Еуразиялық интеграция идеясының 25 жылдық саммитінде ұйымның табыстары мен күрделі мәселелері талқыланды. Еуразиялық экономикалық одақтың құрылғанына 5 жыл толғанына қарамастан, Одақтың аумағында зияткерлік меншік құқығын қорғаудың құрылымдық және заңнамалық негіздері, патенттеу, тауарлық белгілер, ғылыми жаңалықтарды құқықтық қорғау салалары даму кезеңінен өтті. Қазіргі уақытта интеллектуалдық меншік құқығы бойынша ЕАЭО-ның ЕО, АСЕАН, ШЫҰ-мен ынтымақтастығының өзектілігі артып келеді.
  • Еуразиялық экономикалық одақтың бес жылдық белесі 24 Мамыр 9:53 Жаһандық геоэкономикалық және геосаяси турбуленеттілік, тұрақсыздық жағдайында халықаралық интеграциялық ұйымдар да жаңа сын-қатермен бетпе-бет келіп отыр. Шығыстан Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасы сынды аймақтық ықпалдастықтың жаңа моделі ұсынылып жатса, Батыстағы Еуропалық Одақта дезинтеграциялық кері үрдіс жүріп жатыр. Көптеген халықаралық саяси-экономикалық, қаржылық, экологиялық ұйымдар санкциялар мен сауда соғыстарын реттеуде қауқарсыздық танытуда. Әрине, Кеңес Одағы коллапсынан кейінгі посткеңестік кеңістіктегі өміршең интеграциялық ұйым ретінде Еуразиялық экономикалық одағын айтамыз. Көптеген сарапшылар Одақ Ресейдің геосаяси ықпалын нығайтуға қызмет ететінін айтқанымен, ол идеяны алғаш рет Н.Назарбаев ұсынып, қалыптастыруға, институционалдық дамытуға Қазақстанның елеулі үлес қосқанын ескеруіміз қажет. Алайда, 2019 жылы Н.Назарбаев өз президенттік өкілеттігін тоқтатқан соң, 2019 жылы 29 мамырда өтетін ЕЭО 5 жылдығының саммитінде Одақ жұмысын үйлестіру бойынша бірқатар маңызды шешімдер қабылдануы ықтимал.
  • Балалардың құқықтарын қорғау күшейтілді 02 Мамыр 9:54 Осы жылдың 1-сәуірінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметімен байланысты мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жаңа Заңына қол қойды. Ол күшіне енді.
  • «Бір белдеу, бір жол» - өңірлік кооперацияның жаңа моделі 30 Сәуір 12:51 «Белдеу мен жол» форумы алғаш рет 2017 жылы аталған бастаманың 5 жылдығына орай өткізілген еді. Форумға 29 мемлекет басшылары мен премьер-министрлер, халықаралық ұйымдардың басшылары қатысып, ауқымды шарада 6 тақырыптық сессия, 2 кеңейтілген кездесу өткізілді. «Белдеу мен жол» ІІ Форумына 40-қа жуық мемлекет және үкімет басшылары, «Жасыл Жібек жолы», «Инновациялық Жібек жолы» «Цифрлық Жібек жолы» қатарлы 12 сессия ұйымдастырылып, 150 мемлекет пен 90 халықаралық ұйымнан 5 мыңға жуық қатысушы болды. Экономикалық санкциялар мен жетекші державалар арасындағы сауда текетіресі жағдайында Форум аймақтық ынтымақтастық үшін маңызды платформа болмақ. Яғни, биылғы Форум саны мен сапасы жағынан әлдеқайда масштабты болды деуге негіз бар.
  • Құқық қорғау органдарының жұмысы және қылмыс ахуалы 30 Сәуір 11:26 Осы жылғы 1-тоқсанның қорытындысында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев және Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев елдегі заңдылық пен құқық тәртіптің ахуалына ерекше назар аударды.
  • Сайлау-2019: Президенттікке кандидаттар кімдер болуы мүмкін? 22 Сәуір 15:48 2019 жылдың алғашқы жартысында еліміздегі саяси процестер жедел өрбуде. Қазақстандағы саяси конъюнктураның өзгерісі Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың өз өкілеттігін тоқтату туралы шешімінен кейін үдей түсті. ҚР Конституциясына сәйкес Сенат Төрағасы Қ.Тоқаев ант қабылдап, ресми ел Президенті қызметіне кірісті. Жаңа Мемлекет Басшысы ел аймақтарын аралап, Ресей Федерациясына ресми, Өзбекстанға мемлекеттік сапарымен барып келді. Сонымен қоса, жауапты ведомство басшыларына жеке тапсырма беріп, лауазымды қызметкердің бірқатарын ауыстырды. Яғни, ішкі-сыртқы контурда сабақтастық пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге алғашқы қадамдар жасалды. Алайда, көптің көкейінде алдағы сайлаудың сайрап тұрғаны рас. Орталық Азиядағы билік транзиті – соңғы онжылдықта эксперттік ортада жиі талқыланатын тақырып. Оңтүстік көршіміз – Өзбекстандағы басшылықтың ауысуы мемлекеттің ішкі трансформациясына ғана емес, аймақтық ынтымақтастық динамикасына ықпал етті. Сондықтан Қазақстандағы Президент сайлауы алдыңғы саяси курстың сабақтастығы мен жүйелі жалғастығы тұрғысынан ел тұрғындары мен алыс-жақын мемлекеттер үшін маңызды болмақ.
Параққа өту:
Яндекс.Метрика