Басты

Сараптама

Орталық Азия мен Қытайдағы конституциялық реформа тәжірибесі 30 Тамыз 10:01
Конституция – кез-келген мемлекетте заң билігі мен құқық үстемдігін орнататын басты құжат. Мемлекеттің іргелі құндылықтары мен бұлтармас қағидаттары осы Ата заңда көрсетіледі. Дегенмен, заман дидарының өзгеруі жағдайында конституциялық реформа жүргізу халықаралық тәжірибеде қалыптасқан жағдай. Халықаралық қауымдастықтағы белгісіздік пен тұрақсыздық, сауда текетіресі мен санкциялық соғыстар, жалпы цифрландыру үрдісімен келген қоғамдық өзгерістер заңнамалық құжаттарға түзетулер енгізіп отыруды талап етеді. Азия аумағындағы бірқатар мемлекеттер заман бетбұрысына қарай бірқатар баптарын қайта қарастырған екен.

Айдарлар
  • Ядролық қарусыздану қозғалысының көшбасшысы 29 Тамыз 9:24 29 тамыз – Қазақстан тарихындағы елеулі даталардың бірі. Себебі, дәл осы күні Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде ғана емес, әлемдік қауіпсіздік пен бейбітшілік алдындағы жауапкершілігін сезіне отырып, ядролық қарудан бас тарту жөніндегі маңызды шешім қабылдады. 1991 жылы 29 тамызда Қазақ КСР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлыққа қол қойды. Кейін Біріккен Ұлттар Ұйымы аталған күнді «Дүниежүзілік ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні» ретінде жариялады. Саналы әрі шынайы таңдау жас мемлекет үшін үлкен жеңіс еді, сонымен қоса ішкі әлеуметтік-экономикалық модернизациясын табысты жүргізуге және халықаралық ынтымақтастықтың жаңа моделін жасауға жол ашты.
  • Мемлекеттік сатып алудағы өзгерістер қандай болмақ 27 Тамыз 15:59 Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылғы 19 маусымдағы № 27 «Қазақстан Республикасы Президентінің «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлауалды бағдарламасын және «Бірге» жалпыұлттық акциясы барысында алынған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығымен Қаржы министрлігіне квазимемлекеттік секторды мемлекеттік сатып алу және сатып алу мәселелері бойынша заң жобасын әзірлеу тапсырылды.
  • Президент Жолдауы – жаңа мақсат-міндеттер 27 Тамыз 12:26 2019 жылы 10 маусымда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің твиттер-парақшасында 2 қыркүйекте Халыққа Жолдауы жоспарланғанын мәлімдеді. Бұл Мемлекет басшының өз қызметіне кіріскеннен кейінгі алғашқы Жолдауы болмақ. Оның тақырыбы қандай және алдыңғы Жолдаулардан несімен ерекшеленуі мүмкін екендігін төмендегі материалда талқылаймыз.
  • Ақпараттық қауіпсіздік қалай сақталады 27 Тамыз 9:16 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауында Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Киберқылмыспен күрестің өзектілігі барған сайын арта түсуде. Үкімет пен Ұлттық қауіпсіздік комитетіне «Қазақстан киберқалқаны» жүйесін қалыптастыру шараларын қабылдауды тапсырамын» деген еді.Елбасының сөздерінің маңыздылығы осы жылы болған оқиғалар да растап отыр.
  • Венчурлік қаржыландыру және «Astana Hub» халықаралық технопаркі қалай жұмыс істейді 26 Тамыз 11:02 2018 жылдың 10 қантарында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында: «Цифрлық және басқа да инновациялық шешімдерді әзірлеушілердің өз экожүйесін дамытуы аса маңызды мәселеге айналып келеді. Ол біздің Назарбаев Университеті, «Астана» халықаралық қаржы орталығы, IT-стартаптардың халықаралық технопаркі сияқты инновациялық орталықтардың төңірегінде қалыптасуға тиіс» деген.
  • Шығыс Қазақстан облысындағы тарихи-өлкетану жұмысының жетістіктері 31 Шілде 13:15 Тарихи сананың жаңғыруы үздіксіз процесс екендігі белгілі. Тәуелсіздік жарияланған уақыттан қолға алынған рухани-мәдени шаралар үлкен үрдістің құрамдас бөліктері. «Мәдени мұра» бағдарламасы, «Тарих толқынындағы халық», «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласы, «Ұлы Даланың жеті қыры» - ықылымнан келе жатқан рухани-мәдени қазынаны қайта қаузап, тарихи таным кеңістігін кеңейткен маңызды бағдарламалар. Елбасының «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласында айтылған «Түркі әлемінің бесігі», «Атқа міну мәдениеті», «ежелгі металлургия», «аң стилі» бағыттары Қазақстан территориясында дүбірлеп өткен тарихтың кеңістігі мен уақытын тереңдете түсуге зор мүмкіндік ашты. Шығыс Қазақстан облысында 2019 жылы ашылған бірқатар тарихи жаңалықтар мен игілікті шаралар соның айқын дәлеліндей.
  • Білім беру жүйесін жаңғырту міндеттері 25 Шілде 15:56 Елімізде білім беру саласын сапалық жағынан жақсарту, оны басқару мен қаржыландыру, құқықтық-заңнамалық базасын орнату бойынша қыруар жұмыс атқарылды. ҚР Заңдары, даму тұжырымдамалары, Елбасының Жолдаулары мен стратегиялық құжаттарында жоғары білім беру саласының адами капиталды дамытудағы айрықша орны көрсетілген. Әсіресе, оқу орындарын автономдық басқаруға көшу, «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылдау, қағазбастылықты азайту, оқу ақысын реттеу, жаңа формацияның басшыларын даярлау, ғылым мен білім қаражатын ұлғайту мәселесі жиі көтеріліп келеді. Биылғы жылдың алғашқы жартысында осы бағытта бірқатар маңызды шаралар қабылданды.
  • Латын қарпіне көшу – уақыт талабы 18 Шілде 14:47 Посткеңестік елдер тәуелсіздігін алған соң, дербес тілдік саясат жүргізе бастағаны белгілі. Әрине, алғашқы жылдары әлеуметтік-экономикалық мәселелер алдыңғы қатарда тұрды. Қазақстанда қазақ тілінің мәртебесі Конституцияда айқындалып, арнайы заңдар мен нормалар қабылданды. Уақыт өте келе, халық санының өсімі, ішкі-сыртқы миграция, жаңа буынның қалыптасуы мемлекеттік тілдің қолданысын жаңа деңгейге көтерді. Мәселен, «Қазақстан-2050» Стратегиясында көрсетілгендей, егемендік алған тұста еліміздегі қазақтың саны 6,8 миллион немесе 41% болса, қазір 11 миллионға жетіп, 65 %-дан асты. Бүгінде еліміздегі оқушылардың 60 пайыздан астамы мемлекеттік тілде оқиды.
  • Бүкіл Қазақстанды бойына сыйдырған бас қала 27 Маусым 12:42 Биыл Қазақстанның Бас қаласына 21 жыл толады. Ширек ғасырға жуық кезеңде үлкен даму сатысынан өткен Елорда – еліміздің әкімшілік қана емес, қаржылық, мәдени және инновациялық орталығы. Астана алаңы аймақтық және халықаралық күрделі шиеленістердің, қаржылық дағдарыс пен экономикалық санкцияның шешу жолын іздестіретін, дәстүрлі діндер мен конфессиялардың, әлемдік ақыл орталықтарының, бизнес пен инновацияның диалог платформасы деңгейіне жетті. Халықаралық аренада Қазақстанның бас қаласы «Еуразияның жүрегіне», мемлекеттің брендіне айналғаны даусыз. Ал Елорданы көркейту қаншалықты маңызды болса, жыл санап артқан тұрғындардың тұрмыс-тіршілігі мен отбасылардың әл-ауқаты соншалықты өзекті болып келеді.
  • Елбасының Стратегиясын жүзеге асыру - борыш жүктемесін азайту 27 Маусым 11:31 2019 жылғы 26 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту туралы» №34 Жарлығына қол қойды.Бұл бұрын-соңды болмаған теңдессіз әлеуметтік көмек көрсету туралы шешім. Елбасының Стратегиясын жүзеге асыру ісінің жалғасы.
Параққа өту:
Яндекс.Метрика