Басты

Жаңа бағыттың экономикалық саясаты

Жаңа бағыттың экономикалық саясаты – пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ

Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері қандай? 22 Шілде 9:30
Қазақстан экономикасының өсу динамикасы құрылыста 11,1%-ға, саудада 7,5%-ға, көлік саласы бойынша 5,3%-ға, ауыл шаруашылығында 3,8%-ға және өнеркәсіп пен байланыста 2,6%, 7%-дарға өскен.

  • Индустриялық саясат: Басымдыққа ие тауарлардың қазақстандық үлгісі қажет пе 09 Тамыз 10:50 Қазақстан Республикасының 2020-2025 жылдарға индустриялық-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасы жобасының шеңберінде басымдыққа ие 4241 тауар өнеркәсібінің 16 саласы анықталды. Жобаға орай Қазақстан импортты алмастыру және экспорт бағыттары бойынша дамуды көздеп отыр. ҚР «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасында еліміздің индустриялық саясатындағы жаңа басымдықтар мәселесі талқыланды.
  • Жарты жылда қанша қазақстандық Бірыңғай жиынтық төлем төледі 07 Тамыз 14:51 2019 жылдан бастап Қазақстан Республикасында жеке тұлғаларға қызмет көрсететін өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға арналып Бірыңғай жиынтық төлем салығы енгізілген болатын. Бұл жаңалық – салық органдарында ресми емес жұмыспен қамтылғандардың қызметін тіркеудің оңайлатылған тәртібін іске асырады. Сонымен қатар аталған азаматтар Бірыңғай жиынтық төлем арқасында еліміздің медициналық және зейнетақы жүйелеріне қатысуына қосымша мүмкіндіктер тудырады. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің жұмыспен қамту департаментінің директоры Ерболат Абулхатин Strategy2050.kz сайтына берген эксклюзивті сұхбатында 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында Бірыңғай жиынтық төлем режимінің қалай жүзеге асырылғаны туралы мәлімет берді.
  • "Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасы қандай нәтиже берді 30 Шілде 13:04 Қазақстан Республикасының Экс-Президенті тұрғын үй нарығын 2020 жылға дейін дамытуға арналған "Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасын 2011 жылы бекіткен болатын. Аталмыш бағдарламаның үйлестірушісі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі сала бойынша 6 айды қорытындылады. 2019 жылдың 6 айында тұрғын үй құрылысына 605,7 млрд теңге инвестиция тартылып, бұл – өткен 2018 жылмен салыстырғанда 15,5% жоғары көрсеткішті көрсеткен.
  • «Жастар кадрлық резерві» жобасы жастардың қызметке тұруына көмектеседі 26 Шілде 18:34 Биыл «Жастар кадрлық резерві» жобасына 10 жыл толды. 2009 жылы бастау алған бұл жобаға Елбасы Н.Назарбаев ұйытқы болып, мемлекеттік басқару жүйесі, бизнес және қоғамдық салада заманауи және тиімді менеджерлердің жаңа буынын қалыптастыру міндеттерін жүктеген болатын. «Болашақ» қауымдастығы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының гранты аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен оныншы мейрейтойлық «Жастар кадрлық резерві» жобасын бастады.
  • Қазақстандықтар салығының өсімпұлдары кешіріледі 12 Шілде 18:12 Қазақстан республикасы қаржы министрінің орынбасары Қанат Баеділов Қазақстан республикасы Үкіметінің баспасөз қызметінде өткен брифингте салықтық рақымшылық шарттары мен өткізілу реті, салық берешегі туралы түсіндірді. Бүгінгі таңда салықтық рақымшылылық бойынша тиісті заңға Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев 2019 жылдың 4 шілдесінде қол қойған және ол заң ағымдағы жылдың 16 шілдесінде күшіне енеді.
  • Қазақстанда өнеркәсіптің даму деңгейі – ҚР ИИДМ мәлімет берді 10 Шілде 19:19 Осы жылдың алғашқы 5 айының қорытындысы бойынша өнеркәсіп 2% - ға, тау-кен секторының дамуы нәтижесінде 0,7%-ға және өңдеу өнеркәсібі 3,6%-ға өскен. Индустрия және инфрақұрлымдық даму министрінің орынбасары Аманияз Ержанов Қазақстан үкіметінің баспасөз орталығында еліміздегі өнеркәсіптің даму деңгейі туралы мәлімет берді.
  • «Қарапайым заттар экономикасы» бойынша 2 мың жұмыс орны құрылады 09 Шілде 17:32 «Қарапайым заттар экономикасы» жобалары бойынша осы уақытқа дейін 41 млрд теңгенің 92 жобасы мақұлданып үлгерген. Соның ішінде 280 млрд теңгеден астам қаржыға 166 жоба банктерде қаралып жатыр. Ал, жалпы Жобалау кеңсесінің жұмысында 1 триллион теңгеден асатын сомаға 1500-ге жуық жоба бар, бұл елдегі барлық әлеуетті қатысушылардың шамамен 30% -ын құрайтын көрінеді. ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында халық тұтынатын тауарлардың отандық өндірісін арттыру бойынша міндеттерін орындау және экономиканы әртараптандыру бойынша «қарапайым заттар экономикасын» дамыту мәселелері талқыланды.
  • Қазақстандықтар несиесі қашан, қалай өтеледі? 27 Маусым 17:23 ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан Республикасы азаматтарының қарыз жүктемесін азайту туралы» Жарлығына орай екінші деңгейлі банктерде, шағын қаржылық ұйымдарда тұтынушылық несиесі бар 443 мың қазақстандықтың несиесі кешірілетін болды. Онымен қоса банктер мен шағын қаржы ұйымдарында кепілдіксіз тұтынушылық несиесі бар барлық қазақстандықтар үшін 2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жинақталған айыппұлдар мен өсімақылар алынып тасталады. Айыппұлдарды алып тастау процессі несие берген банктер мен шағын қаржылық ұйымдары есебінен іске асырылады. Осы мәселеге байланысты Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифинг аясында жауапты орган жетекшілері түсініктеме беріп, жоспарланған іс-шаралар туралы айтып берді.
  • Қазақстандықтар қаржылық сауат арттыруы үшін тегін курс ашылды 20 Маусым 18:41 Қазақстан республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың алға қойған 10 міндетіндегі бастты бағыттың бірі – өңірлерді дамыту. Осы мақсатта Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстанның өңірлерінде тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыру үшін дәрістер циклын өткізуді қолға алды. Сондай-ақ, ҚР ҰБ қаржылық қызметтер бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғауды мақсат қойды.
  • Қазақстандық шаруалар өнімін тікелей өткізетін болды 19 Маусым 17:49 Ел алдында есеп берген ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов – министрліктің биыл алға қойған ең маңызды үш бағытын атап өтті. Олар - елдегі кәсіпкерлікті дамыту, бағалар мен тарифтер және өңірлерді дамыту. Министрдің мәліметінше осы жылдың алғашқы бес айының қорытындысы бойынша экономикалық өсім 4 пайызды құраған.
Параққа өту:
Яндекс.Метрика