
Қызылорда облысында индустрияландыру бағдарламасының І және ІІ бесжылдығы аясында құны 150 млрд теңгені құрайтын 24 жоба іске асырылып, 1,6 мың жұмыс орны ашылғанды. Жыл соңына дейін Екінші бесжылдық аясында 4 жоба жұмысын бастамақ. Сондай-ақ қызылордалық түлектердің оқуға түсу көрсеткіші 97 пайызға жеткен. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов мәлімдеді.