Басты

Қалаларға шоғырлану

Біздің күш-қуатымыз – өркендеген қалаларда!

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ

  • Дипломмен ауылға: 10 жылдағы көрсеткіш 29 Шілде 10:59 ҚР Тұңғыш Президентінің тапсырмасы бойынша 2009 жылдың 1 шілдесінде Қазақстанда «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы іске қосылды. Мемлекеттік бағдарламаның 10 жылдағы нәтижелері мен жетістіктері туралы ҚР ҰЭМ вице-министрі Ермек Алпысов Strategy2050.kz сараптамалық порталына айтып берді.
  • Өңірлер: Түркістан облысының даму ахуалы 24 Шілде 11:32 Түркістан облысы экономикалық және ауылшаруашылық көрсеткіштері оң көрсеткіштерге ие. Мәселен, Жетісай ауданында бүгінге дейін 324 мыңнан астам бақша өнімдері жиналды. Оның 70 пайызға жуығы Ресей мен Еуропа елдеріне экспортталып отыр. Ал қалған бөлігі еліміздің солтүстік облыстарына жөнелтілуде. Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Алматы облысы тұрғындарының қауіпсіздігі қалай реттеледі? 19 Шілде 18:10 «Жолдағы қабылдау» және «Ауладағы қабылдау» республикалық іс-шаралары барысында тұрғындар қабылдау өткізген облыстық Полиция департаментінің бастығы Мұрат Ұрұмхановқа жол және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысты түрлі мәселелерді көтерді.
  • Президент тапсырмасы: Ақтөбе облысы халықтың әл-ауқатын жақсартып жатыр 19 Шілде 10:37 Ақтөбе облысында Президенттің халықтың әл-ауқатын жақсарту жөніндегі барлық тапсырмасы орындалып жатыр. Облыс әкімі Оңдасын Оразалин барлық сала бойынша бірінші жарты жылдықтың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы есеп берді. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Өңірлер: Алматы облысы 223,5 млрд теңге инвестиция тартты 18 Шілде 12:57 Алматы облысында есепті кезеңде ет өндіру – 3,5, сүт - 4,8, сусындар - 13, жеңіл өнеркәсіп өнімдері, фармацевтика, дайын металл бұйымдары 20 пайызға өскен. Алматы облысының әкімі Амандық Баталов облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында депутаттар алдында есеп берді. Жарты тоқсанда Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы қалай ілгерлегені туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Қазақстанда арзан әуе бағыттары көбейеді 17 Шілде 18:06 Қазақстанда ішкі туризмді дамытудың бірден-бір жолы – бюджеттік қалааралық бағыттардың болуы. Жақында ғана осы мақсатта қазақстандық лоукостер өз жұмысын бастады. Осы орайда «Fly Arystan» бюджеттік әуекомпаниясының Маркетинг және сату департаментінің директоры Жанар Жайлауова Strategy2050.kz АА-не берген сұхбатында компанияның алғашқы нәтижелері мен болашақ жоспарлары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
  • Өңірлерді әлеуметтік-экономикалық дамыту қалай жүзеге асырылуда 17 Шілде 9:50 Мәжіліс депутаттары өңірлерді аралау кезінде бірқатар нысандарды аралап, кәсіпорындардың жұмысымен танысты. Мәселен, Мәжіліс депутаты Әлия Сапарова Атырау облысының Исатай ауданындағы Жаңбай ауылында тұрғындармен кездесуде халықтың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін талқылады.
  • Әр өңірде кәсіпкер әйелдерге тегін шеберлік сабағы өткізіле бастады 10 Шілде 10:20 Қазақстан республикасының әр өңірінде әйел кәсіпкерлерге арналған тегін шеберлік сабақтары өтіп жатыр. Шеберлік сабақтарын өткізу ең алғаш 23-24 мамыр күндері Түркістан облысында, 13-14 маусымда Жамбыл облысында, 27-28 маусым күндері Алматы облысында, 1-7 шілде күндері Шығыс Қазақстан облысында, 4-5 шілде күндері Маңғыстау облысында өтті. Ендігі кезек Ақмола облысында. Аталмыш облыста кәсіпкер әйелдерге тегін семинар тренинг шілденің 11-12 күндері өтеді. Осы ретпен тегін шеберлік сабақтары басқа да облыстарда жалғасып, 1 қарашаға дейін Қазақстанды толық қамтиды.
  • Шымкентте 2023 жылға дейін не өзгереді? 09 Шілде 14:25 Шымкент қаласы халқының саны 2018 жылы 1 миллионға жеткен кезде ҚР экс-президенті Н.Назарбаев жарлығымен мегаполиске республикалық маңызы бар қала мәртебесі берілгеннен кейін үкімет пен қала әкіміне Шымкент қаласын дамытудың кешенді жоспарын бекітіп, жүзеге асыру жұмыстары тапсырылған болатын. Осыған байланысты бүгін Үкімет отырысында Шымкент қаласын дамытудың 2023 жылға дейінгі кешенді жоспары таныстырылды.
  • Өңірлер: Алматы облысында жүргізіліп жатқан қоғамдық шаралар 24 Маусым 18:26 Алматы облысының тәртіп сақшылары «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» республикалық акциясы шеңберінде облыс тұрғындарына ақпараттық-құқықтық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырды. Сондай-ақ, «Қауіпсіз жол» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы барысында жазғы лагерьде демалушы балаларға жол қозғалысы бойынша байқау өткізілді.
Параққа өту:
Яндекс.Метрика