Алматы –инвестициялық тартымды қалалардың көшбасшысы10 Тамыз10:032018 жылдың қаңтар-маусым айларында республикалық деңгейде (20.3%), бұл басқа аймақтармен салыстырғанда ең жоғарғы көрсеткіш, көтерме сауданың жартысын (48%), бөлшектеп сатудың төрттен бір бөлігінен жоғарғысын (30%) қамтамасыз етті. Қазақстан Әлемдік банктың Doing Business рейтингісі бойынша 36-шы орынды иеленіп тұр. Бұл ретте, аталмыш рейтингті шығарарда Алматы қаласының көрсеткіштері есепке алынғанын айта кету қажет. Бұл туралы KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы АҚ-ның Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Жандос Оразалиев мәлімдеді.
Brands of Kazakhstan шетелде отандық брендттердің имиджін қалыптастырады 09 Тамыз12:44Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арналған «Қазақстан брендтері. Brandsof Kazakhstan» кітабының екінші томының тұсауы кесілді. Кітапта экономиканың түрлі секторларында және әр өңірде жұмыс істеп жатқан қазақстандық көшбасшы компаниялар мен брендтер таныстырылған.
Burabay forum: Шетелдік елдермен ғылым саласындағы ынтымақтастықты дамыту08 Тамыз13:00 «Burabay forum: Қазақстанның халықаралық ынтымақтастығы» халықаралық форумында 40 жасқа дейінгі 100 жас ғалым өзінің жобаларын ұсынып, өзара тәжірибе алмасты. Өткен жылы тек Ресей мен Қазақстанның қатысуымен өтікізілген форумның биылғы жылы географиясы кеңейген. Форум 2 күнге созылып, Бурабайда жалғасады. Әр елден келген жас ғалымдардың талқылаған жобалары туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
Елімізде ЭКСПО жобалары қалай енгізілуде07 Тамыз14:20Энергетика министрлігі ЭКСПО көрмесінің халықаралық павильондарында ұсынылған жаңа технологияларды ҚР-да қолдану мүмкіндігін қарастыруда.Сараптамалық жұмыс тобымен көрмеде ұсынылған 105 шетелдік және 28 отандық технология таңдалған. Бұл туралы Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Үкімет отырысында мәлімдеді.
«Самұрық-Қазынаның» бүгінгі әл-ауқаты қандай03 Тамыз11:46 «Самұрық-Қазына» Қорында барлық негізгі қаржылық көрсеткіштер бойынша өсім тіркелген. Жалпы, «Самұрық-Қазына» холдингінің негізгі қызметінен түскен кіріс 3,339 трлн теңгені құрады, бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 27% артық. Бұл жайында 2018 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қорытынды нәтижелері туралы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ экономика және қаржы жөніндегі тең басқарушы директоры — басқарма мүшесі компанияның Ернар Жанәділ айтып берді.
KAZ Minerals жарты жылда қандай нәтижеге қол жеткізді26 Шілде14:342018 жылдың алғашқы алты айында KAZ Minerals Тобы 139,6 мың тонна мыс өндірді. Бұл 2017 жылдың бірінші жартысымен салыстырғанда 18%-ға артық (118 мың тонна). Өсімнің негізгі себепкері – Ақтоғайдағы сульфидті кендерді өңдейтін кен байыту фабрикасының (БФ) былтырғы жылмен салыстырғандағы арта түскен өткізу мүмкіндігі. Екінші тоқсанда кәсіпорын есептік қуатына жетті. 2018 жылдың жарты жылында қол жеткізілген нәтижелер туралы толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
Қазақстанда жеңіл автомобильдердің өндірісі 76,4%-ға ұлғайды - ҚазАвтоПром25 Шілде15:11
Есептік кезеңнің қорытындылары бойынша Қазақстанның аумағында жалпы құны 88,3 млрд. теңгені құрайтын сомаға 14 660 бірлік автокөлік құралдары шығарды. Шығару көлемі заттай мәнде өткен жылғы көрсеткіштен 67,2%-ға асты. Бұл туралы «ҚазАвтоПром» Қазақстанның автомобиль саласындағы кәсіпорындарының одағы» ЗТБ-ның директорлар кеңесінің төрағасы Олег Алферов мәлімдеді.
Alstom компаниясы Әзірбайжанға экспортталатын тұңғыш жүк локомотивін таныстырды27 Маусым14:58
Alstom компаниясы «Әзірбайжан темір жолы» компаниясына (ADY) арнап өндірілген тұңғыш Prima T8 AZ8A электровозын таныстырды. Таныстыру Қазақстан Республикасындағы «Астана» Арнайы экономикалық аймағында орналасқан «Электровоз құрастыру зауытында» өтті. Акцияларының 50%-ы Alstom компаниясына тиесілі бұл бірлескен кәсіпорын қазірдің өзінде Қазақстанның темір жолдарында пайдаланылатын локомотивтердің 40 данасын өндіріп үлгерген.