Атаулы әлеуметтік қолдау

ҚР Мәжілісі декреттік кезеңдегі әйелдердің міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялауға енгізілген өзгерістерді қолдады

Бүгін, 20 қараша ҚР Парламент Мәжілісінде әлеуметтік қамтамасыз ету мен әйелдерге қатысты актілерд қолданды, деп ҚР Парламент Мәжілісі аппаратының баспасөз қызметі хабарлады.
Нұр-Сұлтан20 Қараша , 15:32

«Заң жобасы қолданыстағы зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнаманы одан әрі жетілдіруге, сондай-ақ жұмыс істейтін әйелдердің жүктілік, бала туу және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша демалыста болған кезеңінде міндетті зейнетақы жарналарын 2014 жылдан бастап субсидиялауды енгізуге бағытталған», - делінген хабарламада.

Бұл ретте, болжамды 10 пайыз міндетті зейнетақы жарнасының  4 пайызы мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру қаражатынан бөлінетін әлеуметтік төлемдер есебінен, ал 6 пайызы бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етілетін  болады.

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің  ақпаратынша, зейнетақы жарналарын субсидиялау үшін 2014-2016 жылдарға 30,6 млрд теңге бөлінді.

Сондай-ақ, заң жобасы аясында тұлғалардың әлеуметтік қорғаулары қатаң назарға алынады. Сонымен қатар, Байқоңыр қаласында тұрып жатқан әйелдерге жүктілік кезінде әлеуметтік көмек көрсетудің жәрдемақысы төленеді.

 
 




Яндекс.Метрика