Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері

Мәжіліс электр энергетикасына бақылауды күшейтеді

Бүгін Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста Мәжіліс электр энергетикасы нысандарының жұмысын бақылау және қадағалау мәселелеріне қатысты түзетулер туралы заң жобасын жұмысқа қабылдады, деп палатаның баспасөз қызметі хабарлады.
Казахстан18 Желтоксан , 10:37

«Аталған заң жобасы бойынша электр энергетикасы обьектілерінің жұмысын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жетілдіру, электр энергетикасы обьектілері энергетикалық жабдықтарының техникалық жай-күйін жақсарту, энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысына жауапкершілігін арттыру, электр және жылу энергиясын тұтынушылардың  қалың көпшілігінің құқығын қорғау қарастырылған», - делінген хабарламада.

Одан басқа, Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесінде электр энергиясының тапшылығы не профициті кезінде оның экспорты мен импорты саласындағы шаралар енгізіледі.

Қорытынды әзірлеу үшін заң жобасы Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетіне жіберілді. 

 
 




Яндекс.Метрика