Атаулы әлеуметтік қолдау

Павлодарда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналып 500 орындық-арба алынды

Павлодарда қалалық бюджет есебінен мүмкіндігі шектеулі жандарға арнап 500 орындық-арба алынды, деп хабарлайды Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан21 Қараша , 17:26

«Қалалық бюджеттен бөлінген 3,5 млн теңгеге мүмкіндігі шектеулі жандар үшін 500 дана орындық-арба сатып алынып, мүгедектер ісі бойынша облыстық кеңес отырысында аталмыш арбалар салтанатты түрде тиісті жандарға табысталды», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі жандар үшін транспорттық және ақпараттық инфрақұрылым барынша қолжетімді бола бастаған.




Яндекс.Метрика