Дене шынықтыру мен спортты дамыту

Astana Motorsports жол талғамайтын көлігі «Дакар» ралли-марафонының төртінші кезеңінің үздік ондығына енді

«Астана» президенттік кәсіби спорт клубының Astana Motorsports командасы әлемнің ең қауіпті және атақты «Дакар» ралли-марафонының төртінші кезеңінде үздік ондыққа енді. Айдын Рақымбаевтың экипажы «Дакардың» жалпы көрсеткішінде бес орын алға ілгерілеп, үздік ондықтың қатарына енді, деп хабарлайды Astana Motorsports командасының баспасөз қызметі.
Әлемде 09 Қаңтар, 15:19

Жол талғамайтын және жүк көліктері үшін жалпы арақашықтық 868 шақырымды құрады.

«Бұл кезеңде жол талғамайтын көліктер сынағында испандық Карлос Сайнс (SMG) жеңімпаз деп танылды. Екінші орында MINI көлігімен додаға түскен француздық Стефан Петерансель иеленсе, үшінші нәтижені оның командалық серіктесі қатарлық Нассер әл-Аттия көрсетті», - делінген хабарламада.

Proto Overdrive автокөлігінде сынаққа түскен Айдын Рахымбаев пен Владимир Демьяненко кезеңді оныншы болып аяқтады. Экипаждың уақыты 5 сағат, 54 минут, 40 секунд болды.

Жарыстың жалпы есебінде жол талғамайтын көліктер арасында Сайнс көштің алдында, ал одан кейін Нани Рома тұрақтады, үшінші орында әл-Аттия тұр. Рахымбаевтың экипажы 21 орыннан 15 орынға көтерілді.

Жүк көліктері додасында Iveco көлігімен жарысқа түскен голландық Жерар де Рой жеңісті болды. Екінші орында КамАЗ көлігімен ресейлік Андрей Каргинов, ал үшінші орында "КамАЗ-мастер" командасының басқа жүргізушісі ресейлік Эдуард Николаев тұрақтады. 
Төртінші кезеңдегі жеңісінің арқасында Жерар де Рой жалпы есептегі басымдығын сақтап қалды.

 





Яндекс.Метрика