Өңірлердегі әлеуметтік теңгерімсіздіктер проблемасын шешу

ШҚО Тарбағатай ауданында бірқатар әлеуметтік нысандар ашылды

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданында 4 жаңа балабақша мен ардагерлерге арналған 2 орталық пен тауарлық жұмыртқа өндіретін цех қолданысқа берілді, деп ШҚО ақпараттық орталығы хабарлады.
Шығыс Қазақстан12 Желтоксан , 11:15

«Жәнтікей, Екпін, Ақсуат және Ақжар ауылдарында жаңа балалақшалар есіктерін айқара ашты. Сонымен қатар, ауданда ардагерлер орталығы мен тауарлық жұмытқа шығарудың цехы қолданысқа берілді», - делінген хабарламада.  

Жаңа балалақшалар бүлдіршіндерді тәрбиелеуге қажетті жабдықтармен толық қамтамасыз етілді.

«Мемлекеттің қазіргі даму деңгейін ауданның қазіргі көрсеткіштерінен-ақ байқауға болады. Тарбағатай ауданы жаңа жобалар, әлеуметтік- экономикалық көрсеткіштерімен алғашқы қатардан көрініп келеді. Яғни бұл - аудан тұрғындарының тыныс-тіршілігі де жақсарып келеді деген сөз. Сол себепті жаңа нысандардың ашылуы ең біріншіден жергілікті тұрғындардың игілігі үшін ашылып отыр»,- деді өз сөзінде облыс әкімі Б.Сапарбаев.

 Ауданда «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының даму қарқыны да ерекше аталып өтті. Жәнтікей ауылында тауарлы жұмытқаларды өндірудегі цехтың ашылуы сонын бір дәлелі іспеттес.

Айта кетерлік жайт, бұл нысандардың іске қосылуы мемлекеттік -жеке меншік серіктестіктің негізінде жүзеге асты.

 




Яндекс.Метрика