Атаулы әлеуметтік қолдау

Қарағанды облысында «ЖҚЖК-2020» бағдарламасы бойынша 709 адам жұмысқа орналасты

«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында Қарағанды облысында 709 адам жұмысқа орналасты, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
Қарағанды18 Қараша , 17:03

«Бағдарламаның бірінші бағыты «Инфрақұрылым мен тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын дамыту есебінен жұмыспен қамту» бойынша биылғы жылдың 1 қарашасына дейін 88 нысан жұмысы аяқталып, 1169 жұмыс орны ашылды. Оған бағдарламаның 709 қатысушысы жұмысқа орналасты, бұл жалпы көрсеткіштің 68%-ы», - делінген хабарламада.

Ал екінші бағыт «Тірек ауылдар мен кәсіпкерлікті қолдау арқылы жұмыс орындарын ашу» бойынша биыл 372 адам 747 млн теңге көлемінде несиеге қол жеткізген. Ал 383 қатысушы кәсіпкерлік негіздері бойынша білімдерін жетілдірді.

Үшінші бағыт «Жұмыс берушілердің сұранысына сай қоныстандыру мен білім беру арқылы жұмыспен қамтамасыз ету» бойынша 1147 адамға кәсіптік білім берілді. Әлеуметтік жұмыс орындарына 489 адам жұмысқа орналасты, ал 2012 жылдан бері 102 қатысушы әлеуметтік жұмыс орындарында тұрақты еңбек етуде. «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша кәсіби білім беру орнының 1031 түлегі жұмысқа тұрды.  

Бұдан бөлек 177 пәтерлік 3 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр, биылғы жылдың 1 қарашасына дейін әлеуеті төмен өңірлерден даму мүмкіндігі мол елді-мекендерге 71 отбасын (219 адам) көшіру мақсатында 4,3 млн теңге бөлінді.

Айта кету керек, Қарағанды облысы бойынша аталмыш бағдарламаны толықтай жүзеге асыру үшін 4 мың адамды қамту мақсатында 4,6 млрд теңге қарастырылған.

 




Яндекс.Метрика