Ең төменгі әлеуметтік стандарт

Тамызда ең төменгі күнкөріс деңгейі 5,9%-ға өсті

2013 жылғы тамызда күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 19 351 теңгені құрады, деп хабарлады ҚР Статисика агенттігінің баспасөз қызметінен.
Казахстан02 Қыркүйек , 00:00

Ведомствоның ақпаратына қарағанда, негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2013 жылғы тамызда өткен аймен салыстырғанда 5,9, 2012 жылғы тамызбен салыстырғанда 7,3 пайызға өсті. Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 20,8%, жемістер мен көкөністер - 16,4%, сүт, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқа - 14%, нан және жарма өнімдері - 6,9%, қант, шай және дәмдеуіштер - 1,9 пайызды құрады.




Яндекс.Метрика