Ауылда медициналық қызмет көрсетудің сапасы

Жамбыл облысы Мерке ауданында емхана құрылысы мен бірқатар әлеуметтік нысандарды жөндеу жоспарлануда

Мерке ауданында 250 адамдық жаңа емхана құрылысы мен Сарымолдаев атындағы ауыл мектебінің оқу корпусын жөндеу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жамбыл06 Қаңтар , 16:28

«Ғимараты 1970 жылы салынған орталық аудандық емханада шамамен 200 медицина қызметкері жұмыс істейді. Қазіргі таңда мұнда тәулігіне 250 адамды қабылдайтын емхана құрылысын қолға алу ойластырылуда. Құрылысы шамамен 1,8 млрд теңгелік жобаның қазіргі таңда жобалау-сметалау құжаттары дайын», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Мерке ауданында Сарымолдаев атындағы ауыл мектебіне күрделі жөндеу жүргізу мен 150 орындық жаңа оқу корпусын салу жоспарлануда.

Ал Жеміс ауылында балабақшаға күрделі жөндеу өткізілмек. Ол үшін шамамен 155 млн теңгеге қажеттілік бар.

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика